1,5 мың үлескер үйлі болады
1,5 мың үлескер үйлі болады
509
оқылды
Астана қалалық мәслихатының тұрақты комиссиясы отырысында «Елорда құрылыс компаниясы» ЖШС бас директоры Руслан Кадесов жыл аяғына дейін 1,5 мың үлескер көптен күткен пәтер кілтін алатынын айтты.
«Үлескерлердің бүкіл мәселесін 2023 жылға дейін шешуіміз керек болған. Жыл аяқталып келеді. Қандай да бір объективті және субъективті себептерге байланысты бірқатар нысанның құрылысын аяқтау жұмыс­тары созылып кетті. Оның үстіне, қала бойынша жылумен қамту мәселесі бар. 2019 жылы 14 500 үлес­кер болған. Үш жылдың ішінде 11 мың үлескердің мәселесі шешіліп, 3500 үлескер қалды. Олардың үлесіндегі қанша көпқабатты тұрғын үй кешенін аяқтау керек?» – деп сұрады қалалық мәслихат хатшысы Ерлан Каналимов.
«Елорда құрылыс компаниясы» ЖШС бас директоры Руслан Кадесовтің сөзіне қарағанда, аталған 3 500 үлескердің 2 мыңы пәтер кілтін 2023 жылы алуы керек.
«Аяқталмаған 18 тұрғын үй кешені қалып отыр. Оларды 2022-23 жылдары толық бітіруіміз керек. Желтоқсан айында 1,5 мың үлескер пәтерінің кілтін алады. Сонда келер жылға 2 мың шамасында үлескер қалады. Олар бірінші тоқсаннан бастап пәтер кілттерін ала бастайды», – деді компания басшысы.

Азат ҚАЗАҚ