Аралас жекпе-жектен Орталық Азия конфедерациясы құрылмақ
Аралас жекпе-жектен Орталық Азия конфедерациясы құрылмақ
© Сурет ғаламтордан
404
оқылды
8 ақпан күні елордада Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Әзірбайжан елдерінің ММА аралас жекпе-жектен Орталық Азия конфедерациясын құруға арналған баспасөз конференциясы өтеді. Аталған шарада Орталық Азия аймағында ММА аралас жауынгерлік жекпе-жегін дамыту және танымал ету, сондай-ақ, 2020 жылдың маусымында Нұр-сұлтан қаласында ММА аралас жекпе-жектен өтетін Азия чемпионатын өткізу мәселелері талқыланады. Ұйымдастырушылары - 2018 жылдың желтоқсанында құрылған "Қазақстанның ММА бойынша біріккен федерациялар Қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігі. Бірлестік басшысы - Ғалымжан Есенов. Ал бас директоры - Валихан Тен. Қоғамдық бірлестік каратэ, жекпе-жек, толық қатынасты спорт түрлері және де ММА аралас жекпе-жегі сияқты 4 бағытты дамытып келе жатқан Қазақстанның жауынгерлік өнер Қауымдастығының қолдауымен жұмыс істейді (президенті А. Садықұлов). ММА Аралас жауынгерлік жекпе-жегі - жекпе-жекте ең тиімді техникаларды, мектептік және жауынгерлік өнер элементтерін байланыстыратын әмбебап спорт түрі. Қазақстан Республикасында 2013 жылдың 26 маусымында ресми спорт түрі деп танылды. Баспасөз конференциясы 2019 жылдың 8 ақпанында сағат 18:00-де Нұр-Сұлтан қ., Сауран даңғылы 46, "Hilton Astana" қонақ үйінің 3-конференц-залында өтеді.