Жалған пәтерді жалға берген
Жалған пәтерді жалға берген
433
оқылды
Астанада пәтер алаяғы ұсталды. 23 жаста­ғы ер адам 6 адамды алдап үлгерген. Тергеу барысында ер адам сайттардың біріне пәтер жалдау туралы хабарландыру салғаны анықталды. Арзан бағаны көрген жәбірленушілер хабарландыру бойынша қоңырау шалған. Телефонмен сөйлес­кенде ер адам алдын ала төлем жасау керек деп шарт қойған. Күдікті ақшаны алғаннан кейін бірден хабарландыруды өшіріп, телефон нөмірін ауыстырған. Осылайша, 6 адам алаяқтың айласына түсіп, оған 30 мың теңгеден 110 мың теңгеге дейін ақша аударған. Ер адам бұрын риелтор болып жұмыс істегені белгілі болды. Дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы бойынша соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта оның бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп, өзге де жәбірленушілер анықталып жатыр.