Түркияның Изник қаласында 29 қыркүйек пен 4 қазан аралығында IV Дүниежүзілік көшпенділер ойыны өтеді. Бұл жарыста Қазақстан құрамасы спорттың бес түрінен сайысқа түседі.
Ұлттық және ат спорты түрлері орталығының директоры Бақдәулет Сәбитовтың айтуынша, ұлттық құрама негізі төрт спорт түрінен бағын сынайды.
«Бесіншісі қырғыз спортының бір түрі – «Көкбөріге» де команда қойып отырмыз. Жалпы, бес спорт түрінен де біздің қатысушылар, шабандоздар, садақшылар «сен тұр, мен атайын» деп тұр. Сондықтан барлығынан үлкен үміт, жеңіс күтеміз. 1-2-орындардан көрініп қалармыз», – деді ол.