Боранбаевты қамау мерзімі ұзартылды
Боранбаевты қамау мерзімі ұзартылды
360
оқылды
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі «2022 жылғы 8 қыркүйекте Астана қаласының мамандандырылған аудан­аралық тергеу соты күдікті Қайрат Боранбаевқа қатысты белгіленген күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасының мерзімін бір айға ұзартты» деп хабарлады. Осылайша, енді ол күзетпен ұстау бұлтартпау шарасымен уақытша ұстау изоляторында 8 қазанға дейін отыратын болды. Қаржылық мониторинг агенттігі Қайрат Боранбаевтың үстінен квазимемлекеттік секторда аса ірі көлемде қаражат жымқырды деген іс қозғап, тергеу жүргізуде.
«Қазіргі уақытта ірі мөлшерде, оның ішінде шетелде қылмыстық кірісті заңдастыру белгілері бар неғұрлым резонанстық істерді тергеп-тексеру ерекше бақылауда. Бұл – Қ.Сатыбалдыұлына, Г.Сатыбалдыға, Қ.Боранбаевқа, «ӨКМ» ЖШС операторының басшыларына қатысты және басқа да істер. Қазір тергеу органдары қабылдаған шаралардың арқасында шамамен 230 млрд теңге, оның ішінде оларды шетелдік юрисдикциялардан қайтару жолымен өтелді. Сыбайлас жем­қор­лыққа қарсы қызмет тергеп-тексеріп жатқан іс бойынша айыпталушылар Лихтенштейннен 170 млн АҚШ долларын өз еркімен қайтарды» делінген хабарламада.