Жамбылды жырлады
Жамбылды жырлады
586
оқылды
Астанада Жамбыл Жабаевқа арналған рухани-мәдени ша­ра өтті. Жыр мен күй жәрмеңкесі жыр алыбының ескерт­кі­шіне гүл шоқтарын қою рәсімінен басталды. Бұл іс-шара қазақтың төл өнерлері – жыр мен күйді дәріптеп, бабалардың ұшан-теңіз мұрасын қайта жаңғыртып, ұрпақтан-ұрпаққа таратып және оларды жастар арасында на­сихаттау мақсатында ұйымдастырылды. Мәдени шараның өтуіне «Күй ана­сы» республикалық қоры мұрындық болды. Қор жетекшісі Төлеген Қуанышев аталған іс-шара өнерлі жастардың талабын шыңдауға, бағын ашуға бағытталғанын жеткізді. Жамбыл Жабаев күй Академик Уәлихан Қалижан «Жам­былға жаңа көзқарас» тақы­ры­бын­да баяндама жасады.
«Жамбыл бабаның ән-жыры, күй­лері мен айтыстары, дастандары қа­за­ғымен бірге жасайтын ұлттық құн­­дылыққа айналып кетті. Енді тарих доңғалағы кері кетпейді, егемен, тәуелсіз Қазақстанның ұлттық брен­ді ретінде Жамбыл есімі жасай бере­ді. Жамбылға жаңа көзқарас бас­тал­ды», – деді қаламгер.
Шарада Жамбылдың «Төгейін жыр­ды халқыма» деген толғауы, ком­позитор Нұрғиса Тілендиевтің Жамбылдың 100 жылдығына арнаған «Ата толғауы» атты күйі, композитор Төлеген Момбековтың «Жамбылға арнау» атты күйі орындалды. «Жыр мен күй жәрмеңкесінде» Жамбыл Жа- баевтың өлеңдері оқылды. Дәстүр бойынша Жамбыл Жабаевтың жырларын және басқа күйшілердің күйлерін тарту сайысы өткізілді. Төре­шілер алқасының шешімі бойынша жеңімпаз бен жүлдегерлерге сый-сияпат табыс етілді.