Маңғыстау облысында жалған дипломмен жұмыс істеген 9 мұғалім ұсталды
Маңғыстау облысында жалған дипломмен жұмыс істеген 9 мұғалім ұсталды
© alau.kz
895
оқылды
Прокурорлар жүргізілген талдау нәтижелерімен Маңғыстау облысының мектептерінде жалған дипломды пайдалану бойынша 9 дерек анықтаған, – деп хабарлады облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.
"Мысалы, Аққұдыс орта мектебінің еңбекке баулу мұғалімі жалған дипломмен ұсталып, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнің 385-бабы 3-бөлігі бойынша (жалған құжат пайдалану) жауапқа тартылған. Қарақия аудандық сотының шешімі бойынша мұғалімге жаза түрінде 25 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды. Осыған ұқсас фактілер Ақтау қаласында 2 мектепте  (қазақ тілі және қазақ әдебиеті), Жаңаөзенде 3 мектепте (орыс тілі, бастауыш сынып мұғалімі), Мұнайлы ауданының 2 мектебінде (бастауыш сынып мұғалімі), Бейнеу ауданының 1 мектебінде (бастауыш сынып мұғалімі) анықталған", – делінген хабарламада.
Ведомствоның хабарлауынша, осы мектептер бойынша тергеу жұмыстары жүргізілуде, өсіп келе жатқан ұрпаққа жалған дипломмен білім беріп жүрген мұғалімдердің зиян әсерін ескере отырып, прокуратура органдары осы бағытта жұмыс жүргізуде.