Жолдың сапасы неге сын көтермейді?
Жолдың сапасы неге сын көтермейді?
663
оқылды
Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палатаның жалпы отырысы болды. Отырыс барысында депу­таттар «2014 жыл 29 мамырдағы Еура­зиялық экономикалық одақ ту­ралы шартқа Еуразиялық эконо­ми­калық комиссияның кадр құра­мын қалыптастыру те­тігін нақ­тылау бөлігінде өзгерістер енгізу туралы хаттаманы рати­фикациялау туралы» заңды қарап, қабылдады.
«Хаттама Еуразиялық эконо­микалық комиссияның кадр­лық құ­рамын қалыптастыру те­тігін нақ­­­тылауды көздейді. Қа­был­­данған заң Комиссия қыз­мет­­керле­рінің еңбек шарт­та­ры­ның талап­тарын жақсартуға мүм­­кіндік береді деп сенеміз», – деді Мәулен Әшімбаев.
Құжатта комиссия депар­та­менттерінің директорларымен және олардың орынбасарларымен Комиссия алқасының жұмыс мерзімінен аспайтын мерзімге еңбек шартын жасасу көзделіп отыр. Комиссия қызметкерлері үшін оларды ұзарту мүмкіндігімен еңбек келісімшарттарының 5 жылдық мерзімі, сондай-ақ жұ­мыс істеп жүрген қызметкерлер үшін өтпелі ережелер белгіленген. Сенаторлар отырыста депу­таттық сауалдарын да жолдады. Асқар Шәкіров бастаған де­путаттар тобы өрт сөндіру қыз­меттерінің жұмысына қатысты Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қа­зақстан және басқа да облыс­тарда болған өрт кезінде қайғылы жағдайға әкеп соққан пробле­маларды атап өтті. Рысқали Әбдікеров суармалы жерлердің тиімділігін арттыру қажеттігіне тоқталып, суармалы егіншілік саласының қызмет­керлері үшін мемлекеттік қолдау шараларын күшейтуді ұсынды. Ләззат Қалтаева мүгедектігі бар адамдарға электрондық қыз­меттердің қолжетімсіздігіне назар аударды. Талғат Мұсабаев мемлекеттік автоматтандырылған шұғыл ша­қыру жөніндегі ақпарат жүйесінде кездесетін апаттар кезіндегі проб­лемаларды көтерді. Сұлтан Дүйсембинов автомо­биль жолдарын жөндеу сапа­сы­ның төмендігін және жол жөндеу жұ­мыстарын атқару кезінде же­ке­ле­ген бас мердігер компания­лар­дың жауапсыздығын сынға алды. Амангелді Толамисов жетім балалар мен ата-анасының қам­қорлығынсыз қалған балаларды тұрғын үймен қамтамасыз етудегі шұғыл шешімді талап ететін мә­селелер бойынша сөз қозғады. Серік Шайдаров жергілікті автомобиль жолдарын жөндеу сапасын бақылауды күшейту туралы айтты. Сондай-ақ жөндеу жұмыстары тиісті талдау жасалмай жоспарланатынына және «қалдық қағидаты» бойынша қаржылан­дыруға наразылығын білдірді.