Көптен күткен құжат
Көптен күткен құжат
569
оқылды
Өткен аптада Мәжіліс де­путаттары «Қазақстан Рес­публикасының кейбір заң­намалық актілеріне ден­сау­лық сақтау мәселелері бо­йынша өзгерістер мен то­лықтырулар енгізу туралы» заң жобасын қарауына қа­былдаған болатын. Мәжіліс депутаты Ғалымжан Елеуов медицина қызметкер­ле­рінің кәсіптік жауапкершілікті сақтандыру тетіктерін енгізуге байланысты өз пікірін білдірді.
«Денсаулық сақтау министр­лігі осы заң жобасы шеңберінде ме­дицина қызметкерлерінің кәсіптік міндеттерін тиісті дең­гейде орын­дамағаны үшін қыл­мыстық құқық­бұзушылықтарды ізгілендіру, санк­циялық шара­ларды төмендету туралы норма­ларды ұсынып отыр. Бұл дәрі­гер­лерді сақтандыруға ба­ғыт­талған көптен күткен заң. Өз кезегінде, біз дәрігерлерімізді де қорғауымыз керек. Бізде көптеген білікті дәрі­гер бар. Оларды заңдық және қаржылық жағынан қолдау керек. Сонымен қатар жастарды меди­цина мамандығына қызық­тыра білуіміз қажет. Заң жобасымен жұ­мыста бұның бәрін ескеретін боламыз», – деді Ғ.Елеуов.
Депутат заң жобасына ұсы­ныстар беріп, нормалар енгізе­тінін, бұл заңның әрбір адамға тікелей қатысы бар екенін айтты.
«Мен өзім облыстық ауруха­наның кезекші хирургінен клиника басшысына дейін барған дәрігер­мін және тәжірибелі дәрігерлер қандай құқықтық проблемаларға тап болатынын жақсы білемін. Әрине, менің әріптестерім қате­ліктер жібермеуге тырысуы керек. Біз бұл заң жобасын жұмыс то­бында кеңінен талқылауды жалғас­тырамыз», – деді депутат.