Әсел Жанасова Сауда және интеграция вице-министрі қызметінен босатылды
Әсел Жанасова Сауда және интеграция вице-министрі қызметінен босатылды
1,995
оқылды
ҚР Үкіметінің қаулысымен Жанасова Әсел Жұбанышқызы басқа жұмысқа ауысуына байланысты ҚР Сауда және интеграция вице-министрі қызметінен босатылды, – деп хабарлайды рrimeminister.kz.
Әсел Жанасова 1987 жылы Алматы қаласында туған. Кембридж университетін бітірген.
Еңбек жолын 2010 жылы «ENRC Kazakhstan» өндірісті автоматтандыру және байланыс департаментінің ақпараттық технологиялар жөніндегі маманы болып бастады. 2016-2017 жылдары — «Зерде» ҰБХ» АҚ басқарма төрайымы. 2018-2020 жылдары — «Астана» халықаралық қаржы орталығының цифрлық технологиялар жөніндегі басқарушы директоры. 2020 жылдың шілдесінен бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР сауда және интеграция вице-министрі болды.