Ойыншық тапаншамен қорқытқан
Ойыншық тапаншамен қорқытқан
563
оқылды
Қарағандыда ойыншық тапаншамен қорқытып, ойын клубынан 4 миллионға жуық ақша үптеп кеткен күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Polisia.kz сайтының ай­туын­ша, 30 қыркүйекте сағат 12.00 шамасында Қарағанды қалалық Полиция басқар­ма­сының Жедел басқару орта­лығына қаладағы ойын клуб­тарының бірінде қа­рақшылық шабуыл болған­ды­ғы туралы хабарлама түскен. Оқи­ға ор­нына жедел-тергеу тобы жі­бе­рілді. Полицияға клуб­тың қыз­меткері осы мекемеде үнемі ойын ойнап жүретін клиенттің бірі өзін тапаншаға ұқсас затпен қорқытып, ақша талап еткенін түсіндірді. Осыдан кейін кассадағы 3,9 млн теңгені иемденген күдікті дереу оқиға орнынан ізін суыт­қан. Куәгерлердің айтуымен оқи­ғаға қатысы бар 34 жастағы күдікті азаматтың аты-жөні анықталды. Ол тәртіп сақшыла­рының қолына түскенде ойын кезінде қомақты қаржысынан ұтылып қалғанын, соның орнын толтыру үшін қылмысқа барға­нын мойындаған. Сөйтіп, арам пиғылын іске асыру үшін ойын­шық тапанша сатып алған. Кү­діктіден айғақ зат тәркіленді. Аталған факті бойынша Қыл­мыстық кодекстің 192-ба­бына (Қарақшылық) сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Күдік­ті уақытша ұстау оқшаулағы­шына қамалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.