«Кедейлердің халін түсінуге тырыстым»
«Кедейлердің халін түсінуге тырыстым»
711
оқылды
Бұл фильмде режиссер екі отбасының оқиғасын суреттейді: бірі –  тақыр кедей, екіншісі – дәулетті отбасы. Бай отбасы кең сарайда өмір сүреді. Кедейдің күні жертөледе өтіп жатыр. Яғни, өмір үшін күреседі.
[caption id="attachment_22107" align="alignnone" width="1024"] width= Сурет: интернеттен алынды[/caption] – Мұндай жағдайлар шынайы өмірде кездеседі десек те, фильмде тым асыра көрсетіп жіберген секілдісіз. Сценарий жазуда нені назарға ұстадыңыз? [caption id="attachment_22110" align="alignnone" width="2560"] width= Сурет: интернеттен алынды[/caption] 2013 жылы «Окчу» фильмін түсірген кезде (фильм 2017 жылы жарық көрген) маған әртүрлі ортадан шыққан екі отбасы кездессе, не болады деген сауал туындады. Қарапайым өмір сүруді армандайтын, бірақ оған қол жеткізе алмайтын төмен отбасыны көз алдыма елестеттім. [caption id="attachment_22111" align="alignleft" width="515"] width= Сурет: интернеттен алынды[/caption] Ата-аналар жаңа бизнесті бастауға тырысады. Бірақ оның бәрі сәтті бола бермейді. Тіпті институтқа түсемін деген ойы да жүзеге аспады. Емтиханнан сүрінді. Ал қаланың арғы жағында бай адамдардың отбасы тұрады. Олардың байлығы кейін пайда болған.
Бұлар 1980 жылдың аяғында Оңтүстік Кореяда әскери диктатураның құлауынан кейін пайда болған «байлар» еді. Отағасы үлкен компьютерлік компанияның бас директоры болып қызмет істейді. Әйелі екі баланы тәрбиелеп отыр. Оларды қазіргі қалалық элитаның идеал өкілдері ретінде көреді.
[caption id="attachment_22113" align="alignnone" width="1024"] width= Сурет: интернеттен алынды[/caption]  Мені жалпы отбасы тақырыбы қатты қызықтыратынын байқаған шығарсыздар: өйткені «Динозавр шапқыншылығы» ( 2006) және «Ана» (2009) фильмдерім де сол тақырыпқа арналған. Алайда бұған дейінгі тақырыбыма арқау болған отбасылар толыққанды және бақытты адамдар емес еді.

Ең қызығы, әу баста фильм бірден «Паразиттер» деп аталған жоқ. О баста мен оны «Декалькомания» деп атағым келген. Сценарий жазылып басталғанда кедей отбасының көзқарасын түсінгім келді. Қарама-қайшылықтарға қарамастан заманауи қоғамға бейімделуге талпынып,  паразиттік өмір салтын ұстанған отбасы көз алдыма келді. Осылай көзқарасым өзгергесін, әуелгі тақырыбымнан ауытқып, ирониямен  бергім келді.

 width= Туынды қазіргі қоғамның көп проблемаларын, атап айтқанда, теңсіздік пен жұмыссыздық мәселесін қозғап отыр. Ал оның соңы трагедияға алып келетіні белгілі. Жақында Кореяда Эйджонбудан шыққан борышкер отағасының өз отбасын өлтіріп, тек ұлын тірі қалдырғаны туралы ақпаратты еске түсірейік.  Бұл қатыгездіктің себебі неде деп ойлайсыз? [caption id="attachment_22115" align="alignright" width="405"] width= Сурет: интернеттен алынды[/caption] – Шынында да, Кореяда адам таңқаларлық оқиғалар болып жатыр. Еліміз сол арқылы экономикалық өсуге қол жеткізді. Осы ғажайыптың арқасында біз бүкіл әлемге танылдық. Бірақ қоғамдағы әлеуметтік теңсіздік бұл табыстың төлемі болды деп айтуға болады. Қазір бізде өте бай және өте кедей адамдар бар: нағыз шынайы көрініс – осы. [caption id="attachment_22116" align="alignnone" width="1024"] width= Сурет: интернеттен алынды[/caption] Бұл тек Кореяда емес, бүкіл әлемде бар тенденция. Сондықтан оған балама жоқ. Біз өзіміз өмір сүріп отырған әлемнің меншік кластарына бөлінген экономикалық принциптерін елемеуге болмайды. Алайда, біз әлеуметтік кедергінің барлығын жасырып, жаңа пайда болған иерархияға өткеннің жәдігері ретінде күлімсіреп қарағымыз келеді. Ал ең басты шындық мынада: адамдар арасындағы алшақтық үлкейіп келеді, әрі бұл шекараны еңсеру қиынға түседі. Тіптен үмітсіздікке түспеу үшін осылай трагикомедия тілінде айту керек.
Шынайы өмірде фильмде көрсеткен отбасылардың жолдары қиыспауы мүмкін. Оларды кездестіретін жалғыз мүмкіндік: еңбек нарығында немесе үй қызметшісі ретінде жалданған кезде болмаса. Сонда ғана екі таптың өкілі бір-бірімен жақын келіп, бір-бірінің тынысын сезіне бастайды. Менің фильмім осындай жағдайларда пайда болатын әлеуметтік «бөліністі» бейнелейді. Бұл туынды –  жеке көзқарасымның, жеке идеямның, өз қалауымның нәтижесі. Ал корей қоғамы менен әлдеқайда биік, әлдеқайда сау екеніне сізді сендіргім келеді.
[embed]https://youtu.be/w6pteshP0tM[/embed] Сіз тасты байлықтың белгісі ретінде, ал жағымсыз иісті кедейліктің нышаны етіп қолданасыз. Екіншісі түсінікті, ал тасты алудағы себеп не? Көптеген Азия елдері секілді Кореяда да ежелден тас жинау дәстүрі бар. Хобби десек те болады. Мұндай тастардың кейбірі мың және мыңдаған доллар тұруы мүмкін. Әрине, мұндай хобби кедейлерге қолжетімді болмайды. Ал бұл тас кедейдің бай отбасымен танысуына мүмкіндік жасайды. Яғни, делдал немесе гидтің бір түрі. Керісінше иіс – бұл жеке, яғни индивидуал нәрсе. Оның иісі туралы айту үшін ол адамға өте жақын болуыңыз қажет. [caption id="attachment_22120" align="alignleft" width="384"] width= Сурет: интернеттен алынды[/caption] Бай күйеуі диванда жатып, әйеліне жүргізушісінің иісі туралы айтқанда, ол бүкіл «таптың» иісі туралы айтып отыр. Мысалы, әңгіме метрода жүретін, не болмаса,  сол иіспен қаныққандар туралы. Оның бұл пікірі қоғамның екінші бөлігі үшін дөрекі көрінуі немесе реніш тудыруы мүмкін. Бұл сөздер адамдар арасындағы бөліністің қаншалықты күшті екенін иіс арқылы растап отыр. Қызметші бола отырып, исі арқылы бір топтың екінші бір топқа жақындауын көрсете алады. Бұл «жазықсыз» символда бүкіл қасіретіміз көрінеді. Киноның сиқыры да – осы. [caption id="attachment_22123" align="alignnone" width="1024"] width= Сурет: интернеттен алынды[/caption] Фильмдегі әйел кейіпкерлердің барлығы дердік тәуелді: отбасына, күйеуіне, бала тәрбиесіне, үй шаруашылығына. Бұл әрекетіңіз Кореядағы феминистік қозғалысқа ұнамауы мүмкін ғой. Қалай ойлайсыз? – Менің фильмдерімде әйелдердің сан алуан бейнелері бар. Мысалы, «Паразиттерде» бай әйел үйді толық өзі басқарады. Ондағы барлық нәрсеге жауапты өзі. Бірақ оны күйеуі оған мәжбүрлеп отырған жоқ. Ол өзі отбасылық тірлікке адал берілген. Ал кедей отбасында басты бейне – бұрынғы Олимпиада (айтқандай, актрисаның өзі де чемпион) чемпионы. Керісінше, күйеуі тым әлсіз және осал. Әңгіме  Тильда Суинтон ойнаған «Окчи» фильмі туралы емес. Ол нағыз заманауи әйелдердің образын қалыптастырып отыр. [caption id="attachment_22124" align="alignnone" width="1024"] width= Сурет: интернеттен алынды[/caption] Сіз тек Оңтүстік Кореяға танымал емессіз. Сіз сюжет таңдауда қаншалықты еркінсіз? Заманауи корей қоғамындағы цензура туралы айтуға бола ма? – Әйгілі режиссер болмай тұрып та, менде толық еркіндік болды. Кореяда цензура 1987 жылы әскери диктатураның құлауынан кейін жойылды. Бізде қазір цензура жоқ, бірақ рейтинг жүйесі қалыптасқан. Голливудпен салыстырғанда, Азия елдерінде бір фильмі арқылы жетістікке жеткен режиссер өз танымалдығын сақтап қала алады. Танымалдық шығармашылық еркіндікке ие болғанымды ғана білдірмейді, сонымен бірге келесі фильмді кім қаржыландыратынын да таңдай алады.

Сонымен қатар, менде америкалық әріптестерім мақтана алмайтын «картинаның режиссерлік нұсқасын» таңдау еркіндігі бар. АҚШ-та фильм түсіргенімде режиссерлік құқығымды және фильмнің соңғы нұсқасын қорғау үлкен проблемаға айналды; сондықтан мен ешқашан Голливудты бағындыруға ұмтылған емеспін.

[caption id="attachment_22126" align="alignnone" width="1024"] width= Сурет: интернеттен алынды[/caption] Квентин Тарантино бір сұхбатында «ұялы телефондардан бұрынғы» уақытты ұнататынын айтқан екен. Канндағы премьерадан бұрын сіз журналистерден жаңа фильмнің сюжетін ашпауды өтінген екенсіз. Бұл алаңдаушылықтың сыры неде? Әлеуметтік желілердің мәдениеті және ақпаратты жедел жеткізуі шығармашылық процеске және режиссуралық стиліңізге әсер ете ме? – Режиссердің ең басты міндеті – фильмнің сипаты пен ырғағын басқару. Туындының мазмұны, оның сюжеті кең таралмастан бұрын белгілі болатыны кей кезде режиссерге проблемалар туындатуы мүмкін.  Әрі бұл фильмнің ырғағы мен жылдамдығына да әсерін тигізеді. Әрине, бұл режиссерлік жұмысыма, жұмыс істеу процесіне деген көзқарасымды өзгерте алмас. Біз қазір бәріміз тым көп ақпаратқа: интернет, әлеуметтік желіге тап келдік.
Менің ойымша, бұл мәдениет фильм жасау процесіне кері әсер ететіні анық. Менде Facebook, Instagram және  Twitter аккаунттары жоқ. Мен жаңа технологияларға қарсымын. Мұның бір себебі, өзгелерге тым тәуелді болып қалудан, олардың назарынан тыс қалмаудан қорқатындықтан жасайтын шығармын. Маған бір досым әлеуметтік желі бақылау жасауға, аңдуға жақсы деп айтып еді. Сондықтан мен «аңдығанды» емес, жасырғанды құп көріп отырмын. 
2017 жылы Канн фестивалінде «Окчу» фильмі арқылы елеулі пікірталас тудырған режиссерден мұндай пікір есту қызық шығар.  Бұл жағдайда кинотеатрлар мен платформалар қатар өмір сүруі керек деп санаймын. Ал режиссерлер үшін маңыздысы – өздерінің фильмі туралы көбірек уайым шегуі тиіс. Біздің жұмысымыз – жай ғана фильм түсіру. [caption id="attachment_22127" align="alignright" width="478"] width= Сурет: интернеттен алынды[/caption] Квентин Тарантино туралы айтар болсам, оның Лос-Анжелесте жеке кинотеатры бар. Ол кинотеатрда менің «Окчуымды» көрсетті. Маған қатты ұнады. Өзім цифрлық технологиямен мүлдем айналыспаймын және телефонда фильм түсіруді жоспарламаймын. Мен режиссер ғана емес, өзімді новеллистпін деп санаймын. Сценарийді де өзім жазамын. Келесі өмірімде каррикатурист не безендіруші болғым келеді. Маған азиялық комикстер көбірек ұнайды, сосын сурет салғанды жақсы көремін. [caption id="attachment_22130" align="alignnone" width="1024"] width= Сурет: интернеттен алынды[/caption] – Сыншылар бұл қалай қабылдауы мүмкін? Бұл сізді алаңдатпай ма? Әдетте, өзім көргім келетін фильмдерді ғана түсіремін. Қарапайым адам ретінде фильмдерімнің рейтингін де қадағалап отырамын. Кейде қалай қабылданады деп алаңдайтыным да бар. Қорықсам да, адамдардың реакциясын бақылайтыным бар. Канн кинофестивалінен кейін америкалық агентім пайда болды. Әрі маған АҚШ пен Кореядан ғана емес, әлемнің басқа елдерінен де ұсыныстар түсті.
«Динозавр шапқыншылығы» туралы ремейк түсірдім. Бірнеше сериал түсіруге мүмкіндік туды. Ал келешектің не болатынын уақыт көрсетеді. Мен үшін ең маңыздысы – фильмді көріп, ой түйгені ғана. Адамдар көргенінен жақсы ой түйе алса, менің ұтқаным. Бұдан артық ештеңені қаламаймын.

 «Коммерсант» газеті, 03.06.2019 жыл.

Аударған Айна ХАСАН