Үшінші жекпе-жек: Головкин «Канелоның» талаптарымен келісуге мәжбүр
Үшінші жекпе-жек: Головкин «Канелоның» талаптарымен келісуге мәжбүр
© sports.kz
241
оқылды
Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен әлемдік бокс жұлдызы мексикалық Сауль Альварестің жекпе-жегін ұйымдастыру алдында тараптар арасындағы гонорарды бөлуге қатысты көптеген келіспеушіліктер пайда болды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат Sport.kz-ке сілтеме жасап. BA нұсқасы бойынша екінші жеңіл салмақтағы кәсіпқойлар арасындағы әлемнің экс-чемпионы Марат Мәзімбаевтың «Канеломен» трилогияда қаржылық жағдайды сақтап қалу Головкинге қиынға түсетіні я түспейтіні туралы өз пікірін білдірген. - Негізінде бәрі «Канелоның» қолында, сондықтан Гена бұл айқастың өтуі үшін оның талаптарына келісуге мәжбүр болады. Әрине, Головкиннің жеке мүдделері де бар, бірақ келісімге келу шартын Альварес ұсынатын болады. Ең бастысы – жекпе-жектің өтуі. Головкин келісімшарт бойынша өзіне бөлінген ақшаны алады. Менің ойымша, бұл – айтарлықтай сома, — деп сөзін түйіндеді сарапшы.