Серік Бектұрғанов: Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси бастамалары ел дамуына тың серпін берді
Серік Бектұрғанов: Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси бастамалары ел дамуына тың серпін берді
575
оқылды
Бүгін «AMANAT» партиясының кезектен тыс XXIV съезі өтті. Съезд қатысушылары Қасым-Жомарт Тоқаевтың президенттікке кандидатурасын бірауыздан қолдады. Осы орайда Қостанай облыстық Қоғамдық кеңестің төрағасы Серік Бектұрғанов пікір білдірді. Серік Бектұрғанов съезге келген өңірлік филиал өкілдерімен кездесіп, пікір алмасқанына қуанышты екенін білдірді.
«Басқа өңірлерден келген әріптестеріммен кездескеніме қуаныштымын. Съезд ұйымдастыру өте орынды деп білемін. Себебі  өзара пікір алмасу, кейбір мәселелерді талқылау тұрғысында съездің маңызы зор», – деп атап өтті ол.
Серік Шыңғысұлы Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын қолдаудағы негізгі себеп оның ұстанып отырған саяси бағытымен байланысты екенін айтты.
«Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси бастамалары ел дамуына тың серпін берді. Біздің партия да сол бағытты ұстанып, қызмет етіп келеді. Сондықтан да «AMANAT» партиясы қазіргі Президенттің кандидатурасын қолдап отыр. Егер біз  Әділетті Қазақстан  құруды қаласақ, саяси реформалар жүйелі түрде жалғасын тапсын десек, қазіргі Президент Қасым-Жомарт Кемелұлын қолдауымыз қажет деп есептеймін», – деді ол.