Мемлекет басшысының өкімімен Игорь Владимирович Лепеха Қазақстан Ішкі істер министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
Қарағанды облысында дүниеге келді.
Қарағанды политехникалық институтын, РФ ІІМ академиясын бітірген.
1986-1987 жылдары – Қарағанды облысының Теміртау қаласы Ішкі істер басқармасы саяси бөлімінің аға нұсқаушысы.
1987-1988 жылдары – Қарағанды облысы Гагарин ауданы ішкі істер бөлімі бастығының саяси бөлім бойынша орынбасары.
1988-1990 жылдары – Қарағанды облысы Абай қаласы ішкі істер бөлімі бастығының саяси бөлім бойынша орынбасары.
1990-1993 жылдары – РФ ІІМ академиясының тыңдаушысы.
1993-1997 жылдары – Қарағанды облысы қалалық Ішкі істер басқармасының торуыл полициясы басқармасының бастығы.
1998-2005 жылдары – Қарағанды облысы қалалық Ішкі істер басқармасының әкімшілік полиция қызметінің бастығы, қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы.
2005-2009 жылдары – Қарағанды облысы ІІД бастығының орынбасары.
2009-2011 жылдары – ҚР ІІМ Әкімшілік полициясы комитеті төрағасының орынбасары.
2011-2018 жылдары – ҚР Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы.
2019-2020 жылдары – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Штаб департаментінің бастығы.
2020 жылдың наурызынан бері ҚР Ішкі істер министрлігі аппаратының жетекшісі болды.