Дзюдодан Қазақстан командасының өкілі Абиба Абужақынова Ташкентте өтіп жатқан әлем чемпионатының жартылай финалына жолдама алды, – деп хабарлайды Olympic.kz.
48 келіге дейінгі санаттың 1/4 финалында ол сербиялық Мелисса Николичтен мықты болды.
Ол бұған дейін Аманда Лима (Бразилия) мен француз спортшысы Ширин Буклиді де жеңген.