"Іс-шара кезінде шағын жылыжайдан 17 дана қарасора бұтасы тәркіленді. Күдіктілердің тұрғылықты мекен-жайы бойынша тексеріп, тінту кезінде суық қару мен марихуана есірткісін пайдалануға арналған құралдардан бөлек, ел аумағында тыйым салынған діни әдебиеттер тәркіленді. Күдіктілердің деструктивті діни ағымның ұстанушылары екендігі белгілі болды. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 297 бап, 1 бөлігі және 300 бап, 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта 1988, 1985 жылғы үш күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды", – делінген Атырау облысы полиция департаменті таратқан мәліметте.Еске сала кетелік, 29 қыркүйек күні Атырауда ҚР ІІМ Экстремизмге қарсы іс-қимыл департаменті мен Атырау облысының прокуратурасы, Атырау облысы Полиция департаменті Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері мен “Арлан” арнайы жасағы бірлесіп жедел-іздестіру операциясын өткізді.
Баян Жанұзақова