Бублик ширек финалға шыға алмады
Бублик ширек финалға шыға алмады
395
оқылды
Қазақстанның бірінші, әлемнің 43-ракеткасы Алек­сан­др Бублик Astana Open ATP 500 турнирінің ширек финалына шыға алмады. Қазақстандық теннисші екін­ші айналымда әлемнің 10-ыншы, осы жарыстың 7-ракеткасы, По­ль­ша өкілі Хуберт Хуркачпен ой­нады. Бірінші партия басында Х.Хуркач брейкпен алға кетті. Содан кейін басымдылығын сақ­тап қалды – 6:4. Екінші сетте де Ху­берт брейкпен алға шықты. Ақыры матчты жеңіспен түйіндеді – 6:4. Бір сағат 20 минутқа созыл­ған бәсеке барысында А.Бублик 10 эйс жасап, 4 брейк-пойнттың біреуін өз есебіне жазды. Қарсы­ласы 7 эйс, 3 брейкпен (13 брейк-пойнт) көзге түсті. Осылайша, Астана додасында Қазақстаннан ешкім қалмады. Х.Хур­кач жартылай финалға шығу үшін әлемнің 6-ракеткасы, гре­кия­лық Стефанос Циципаспен таласады.