Президент бірқатар халықаралық іс-шараға қатысады
Президент бірқатар халықаралық іс-шараға қатысады
Фото: dalanews.kz
234
оқылды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев алда­ғы аптада бірқатар халықаралық іс-шараға қатысады. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Facebook парақшасында жариялады. 11-12 қазанда Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Танидың Қазақстанға мемлекеттік сапары жоспарланған. 12-13 қазанда Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған елімізге мемлекеттік сапармен келеді. 13 қазанда Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңестің VI саммиті өтеді. Шара аясында Президент мемле­кеттер мен үкіметтер басшыларымен, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың жетекшілерімен бірқатар екіжақты кездесу өткізеді. 14 қазанда елордамызда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен ТМД мемлекеттері басшылары кеңесі және «Орталық Азия – Ресей» саммиті жоспарланған. 15 қазанда Қазақстанға Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов мемлекеттік сапармен келеді.