Баспана қымбаттады
Баспана қымбаттады
531
оқылды
Соңғы бір жылда еліміздегі пәтер бағасы айтарлықтай қымбаттады, атап айтсақ, баспана құны қайталама нарықта – 25,9%, бастапқы нарықта 17,7%-ға өсті. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2022 жылдың қыркүйегінде тұрғын үй шаршы метрінің орташа бағасы 400 мың теңгеден асты, бастапқы тұрғын үй құны 426 813 теңге, қайталама пәтер бағасы 474 877 теңге болды. Ал өңірлер бойынша бастапқы тұрғын үй нарығындағы бағалар Ақтөбеде – 32,5%, Қостанайда – 27%, Астанада – 26,6%, Өскеменде – 25,3%, Көкшетауда – 20,3%, Ақтауда 19,3%-ға қымбаттады. Бастапқы тұрғын үй нарығында арзан баспана Павлодар (0,9%) мен Талдықорғанда (1,8%) сатылған. Қайталама тұрғын үй нарығындағы баға өсімі бойынша алты өңір көш бастап тұр: Қызылорда – 45%, Ақтөбе – 44,3%, Өскемен – 40,4%, Талдықорған – 38,8%, Ақтау және Астана – 38,4%. Ал төменгі өсім Түркістан (12,2%) мен Атырауда (3,3%) тіркелді.