Оқиға Талғар ауданында болған. Жол үстінде Audi және Renault көліктері соқтығысып қалған.Tengrinews.kz-тің дерегінше, жол апаты бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Видеодан екі бағыттағы көліктер бір-бірімен соқтығысып, Audi автокөлігі инерция арқылы өтіп бара жатқан жаяу жүргіншілерді қағып кеткенін көруге болады.
Жол апатынан кейін көлік жүргізушілері жанжалдасқан.
Зардап шеккендер жоқ. Аталған дерек ҚР ҚК-нің 293-бабы бойынша тіркелді. Оқиғаның мән-жайын полицейлер анықтайды.