2022 жылғы 10 қазанда Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясына «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 54 және 55-баптарына, сондай-ақ «Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 20 қарашаға тағайындалған кезектен тыс сайлауы бойынша сайлау құжаттарының нысандарын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 23 қыркүйектегі № 67/545 қаулысына сәйкес Талғат Файзуллиұлы Ергалиевтің «Қазақстан құрылысшылар Одағы» республикалық заңды тұлғалар бірлестігінен Қазақстан Республикасының президенттігіне кандидат болып ұсынылғаны туралы келесі құжаттары ұсынылды.
Сонымен кандидат мына құжаттарды тапсырды:
1. «Қазақстан құрылысшылар Одағы» республикалық заңды тұлғалар бірлестігі жоғары органы отырысының Қазақстан Республикасының Президенттігіне ұсыну туралы хаттамасынан үзінді;
2. Т.Ф. Ергалиевтің Қазақстан Республикасының президенттігіне кандидат болуға келісімі туралы өмірбаяндық деректері қоса берілген өтініші;
3. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының шотына сайлау жарнасының енгізілгенін куәландыратын құжат;
4. Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
5. Жоғары білімі туралы дипломының көшірмесі.