Теміртаудағы жағдайдан кейін министр тексеріс жүргізетін болды
Теміртаудағы жағдайдан кейін министр тексеріс жүргізетін болды
Фото: Интернеттен алынды
358
оқылды
Теміртауда қара қардың жауғаны жөніндегі видео әлеуметтік желіде жарияланды. Осы жайттан соң, министр Мырзағалиев тексеріс жүргізіліп, оның қорытындысы жарияланатынын айтты. Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі қаладағы кәсіпорындарды тексереді.
Мағзұм Мырзағалиев Twitter-дегі парақшасында: «Экология департаменті қаладағы кәсіпорындардың мәліметін тексеріп, олардың қоршаған ортаға тигізетін зиянын азайту шараларын қолға алады», – деп жазды.
Айта кетейік, сенбі, 1 ақпан күні жауған қара қардың видеосы Instagram-дағы Temirtau.city паблигінде жарияланған.