Аудит жүйесін дамытуды тапсырды
Аудит жүйесін дамытуды тапсырды
443
оқылды
Мемлекет басшысы Есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунованы қабылдады. Кездесу барысында Президентке Есеп комитетінің биылғы 9 айда атқарған жұмысы туралы есеп берілді. Осы кезеңде барлығы 3,4 триллион теңге бюджет қаражатын қамтитын 99 объектіде 17 аудиторлық тексеру жүргізілген. Наталья Годунова Қасым-Жомарт Тоқаевқа 2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасын бағалаудың негізгі нә­тижелері туралы да мәлімет берді. Онда даму бюджетінің 3,5 триллион теңге қаржысы қам­тылған. Сонымен қатар Мемлекет басшысына салық жеңілдіктерінің тиімділігіне жүргізілген аудит­тің алдын ала қорытындылары ұсынылды. Кездесу қорытындысы бойынша Президент мемлекеттік аудит жүйесін одан әрі дамытуға қатысты бірқатар нақты тапсырма берді.