САУДА-САТТЫҚ ТУРАЛЫ ХАБАРХАТ
«Қазақстан темiр жолы» ұлттық компаниясы» акционерлiк қоғамы (бұдан әрі – «Салалық компания») Салалық компанияның еншілес ұйымы болып табылатын «Қазтеміртранс» АҚ-ға (бұдан әрі – «Қоғам») тиесілі «Қазақстан вагон жасау компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің (бұдан әрі – «Актив») жарғылық капиталға қатысу үлесінің 78,47%-ын (бұдан әрі – «Мәміле») өткізу жөніндегі Ашық екі кезеңді конкурс (бұдан әрі – «Конкурс») тәсілімен сауда-саттық өткізу туралы хабарлайды. Конкурстың басталу күні - 2022 жылғы «11» қазан. Активті өткізу «Самұрық-Қазына» АҚ Директорлар кеңесінің сырттай отырысының 2020 жылғы 14 желтоқсандағы № 181 шешімімен бекітілген, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының (бұдан әрі – «Қор») және дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы меншік құқығы негізінде тікелей немесе жанама түрде «Самұрық-Қазына» АҚ тиесілі ұйымдардың Активтерін бәсекелес ортаға беру қағидаларына (бұдан әрі - «Қағидалар») сәйкес жүзеге асырылады.Екі кезеңді конкурсты өткізу тәртібі
Конкурстың тәртібі, кезеңдері мен шарттары Қағидалармен және осы Сауда-саттық туралы хабархатпен (бұдан әрі – «Хабархат») және Хабархаттың № 1 Қосымшасымен айқындалады. Қордың және/немесе Салалық компанияның уәкілетті органдарының шешімі бойынша Ашық екі кезеңді конкурс Активті бәсекелес ортаға беру тәсілі ретінде анықталды. 1-кезең Конкурстың 1-кезеңі шеңберінде қатысушылар конкурс өтінімін ұсынады, оған Актив бағасы және Қоғам алдындағы Актив берешегінің мөлшері, өтеу шарттары және/немесе оны реттеу бойынша ұсыныстар кіреді (Хабархатқа №1 Қосымшаның 4-тармағын қараңыз). 1-кезең келесі қадамдарды қамтиды:- Осы Хабархат жарияланған сәттен бастап конкурстық өтінімдерді қабылдау мерзімі аяқталғанға дейін Құпиялылық туралы келісімге қол қою және Активпен танысу. Активке қатысты құпия ақпараты бар ақпараттық бөлмеге (Data room) қол жеткізу құқығы әлеуетті инвесторға (бұдан әрі – «Қатысушы») Салалық компаниямен Құпиялылық туралы келісімге қол қойылғаннан кейін беріледі.
- Хабархаттағы талаптарға сәйкес жасалған конкурстық өтінімдерді, Хабархат жарияланған күннен бастап 35 (отыз бес) күнтізбелік күн ішінде және 2022 жылғы 15 қарашадағы сағат 10:00-ге дейін Астана қаласы, Қонаев көшесі 6 үй мекенжайы бойынша қабылдауын жүргізу.
- Конкурсқа қатысу үшін тапсырылатын конкурстық өтінімдерді берудің мерзімі өткен күні Салалық компанияның комиссиясымен конкурстық өтінімдері бар пакеттерді ашуы және олардың Хабархаттың талаптарына сәйкестігін тексеруін (алдын ала конкурстық өтінімдерді бағалау критерийлеріне сәйкестігін тексерусіз) жүргізу.
- Конкурстық өтінімдерді тексеру аяқталған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде Салалық компанияның құрылымдық бөлімшесінің (бұдан әрі – «Жауапты департамент») конкурстық өтінімдердегі кемшіліктерді жою үшін өтініш берушілердің мекенжайына жазбаша хабарламаны жіберу.
- Өтініш берушілердің анықталған сәйкессіздіктерді жоюы және Жауапты департаментіне 7 (жеті) жұмыс күні ішінде түзетілген материалдарды ұсынуы. Бұл ретте алдын ала ұсыныстың мазмұнын және/немесе шарттарын өзгертетін мәліметтер мен құжаттарды ұсынуға рұқсат етілмейді.
- Салалық компания комиссиясының анықталған сәйкессіздіктерді жоюға арналған мерзім өткен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде кемшіліктері жойылған конкурстық өтінімдерді және оларға қоса берілген алдын ала ұсыныстарды қарауы.
- Конкурстың 1-кезеңі бойынша қорытындылар жасау және қатысушыларды Конкурстың 2-кезеңіне жіберу немесе одан бас тарту жөнінде шешімдер қабылдау. 2-кезеңге өткен қатысушыларға, ең үздік баға ұсынысының нәтижелері бойынша, хабарламада Қоғам алдындағы Активтің берешегін өтеу/реттеу шарттары бойынша бірыңғай шарттар ұсынылатын болады.
1-кезең шеңберіндегі конкурстық өтінімде келесілер болуы тиіс:
- Конкурс нысанасы бойынша баға ұсынысы: Активтің жарғылық капиталына қатысу үлесі үшін баға ұсынысы және Хабархатқа № 1 Қосымшаның 4-тармағында сипатталған Активтің Қоғам алдындағы берешегін өтеу және/немесе реттеу жөніндегі ұсынылатын мөлшері мен шарттары;
- Қағидалардың 1-Қосымшасына сәйкес нысан бойынша жасалған өтініш;
- Хабархатқа № 1 Қосымшасының 2-тармағында сипатталған Қатысушының инвестициялық міндеттемелерді орындауға дайындығы туралы хат;
- Хабархатқа № 1 Қосымшасының 1.1 және 1.2-тармақтарындағы тізбе бойынша, өтініш берушінің біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттары бар қосымша.
- Салалық компанияның Конкурстың бірінші кезеңінің аяқталғаны туралы хабарламасында айқындалған критерийлерге сәйкес, бірінші кезеңнің қорытындылары жасалған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күн ішінде, Активті сатып алу шарттарының сипаттамасын қамтитын конкурстық ұсыныстарды қабылдау. Конкурстық ұсынысты Конкурс қатысушысы желімделген конвертте ұсынады. Конкурстық ұсыныс тігілуі, беттері не парақтары нөмірленуі тиіс, соңғы беті не парағы Конкурс қатысушысының қолымен және мөрімен куәландырылады.
- Конкурсқа Қатысушысының толық атауын және пошта мекенжайын;
- Салалық компанияның толық атауын және пошта мекенжайын;
- Конкурсқа Қатысушысының конкурстық ұсынысы берілетін Конкурсқа қатысуға арналған Активтің атауын;
- Осы Хабархатқа сәйкес конкурстық ұсыныстарды қабылдаудың аяқталу күні мен уақытын көрсете отырып, «АЛДЫН-АЛА АШПАҢЫЗ» деген жазуды көрсетуі керек.
- Салалық компанияның комиссиясы конкурстық ұсыныстар салынған конверттерді ашқан күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде конкурстық ұсыныстарды қарау және конкурстық ұсыныстар салынған конверттерді ашу хаттамасын толтыру.
- 2022 жылғы 20 желтоқсанда дейін Конкурс қорытындыларын жасау және жеңімпазды таңдау.
2-кезең шеңберіндегі конкурстық ұсыныста келесілер болуы тиіс:
- 1-кезең шеңберінде қабылданған Қоғам алдында кредиторлық берешекті өтеу/реттеу шарттары мен мөлшері көрсетілген келісім-хат.
- Активтің бағасы бойынша соңғы ұсыныс.
Конкурстың жалпы шарттары мен талаптары*
Актив Қоғам және үшінші тұлғалар алдында Хабархатқа № 1 Қосымшаның 4-тармағында сипатталған берешегі бар. Осылайша, мәміле құны бизнес құны деңгейінде (бұдан әрі – «Мәміле құны») айқындалады және (1) Активтің жарғылық капиталына қатысу үлесінің 78.47% -ы үшін бағаны, (2) сатып алу-сату шартына қол қойылған сәтте Активтің Қоғам алдындағы өтелетін берешегінің мөлшерін (қаржылық қарызды және Активтің Қоғам алдындағы кредиторлық берешегін қоса алғанда) және (3) кепілдік жарна (Хабархаттың «Конкурстық өтінімді қамтамасыз ету» бөлімшесін қараңыз) қамтиды. Неғұрлым тартымды баға ұсынысын анықтау мақсатында қатысушылар ұсынған Мәміле құнының мөлшері ұсынылған төлем шарттарына сүйене отырып, Конкурс жарияланған күнге келтірілген құн бойынша салыстырылатын болады. Келтірілген құн сатып алушыдан экономикаға берілген кредиттер бойынша (қарыз мерзімі бойынша) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің орташа ставкалары деңгейіндегі қарыз алудың нарықтық ставкасы бойынша болашақ төлемдерді Конкурс жарияланған кездегі соңғы қол жетімді күнге дисконттау әдісімен есептеледі. Ставка сатып алу-сату шартына қол қойылған күні қайта қаралуы мүмкін. Қатысушы Активтің жарғылық капиталындағы қатысу үлесінің бағасы бойынша өзінің баға ұсынысын және ұсынылатын шарттарды, Активтің осы берешегін өтеу және/немесе реттеу бойынша мөлшерін келесі шарттарға сүйене отырып ұсынуға тиіс:- 1) қатысушылардың Актив үшін ұсынатын баға ұсынысы. Активтің бастапқы бағасы 1 (бір) теңгені құрайды;
- Мәміленің ең төменгі (бастапқы) құны (бизнес құнының деңгейінде) 4 224 239 100 (төрт миллиард екі жүз жиырма төрт миллион екі жүз отыз тоғыз мың жүз) теңгені (бұдан әрі – «Мәміленің ең төменгі құны») құрайды;
- Хабархатқа № 1 Қосымшаның 4-тармағында сипатталған, берешекті өтеу және реттеу сомасы, мерзімі және механизмі көрсетілген Активтің берешектерін өтеу және/немесе реттеу бойынша Қатысушы ұсынатын мөлшер, шарттар.
Кезең шеңберінде конкурстық өтінімді бағалау критерийлері келесілер болып табылады:
- Хабархатқа № 1 Қосымшасының 1-тармағындағы көрсетілген біліктілік талаптарына сәйкес келуі;
- Активтің жарғылық капиталына қатысу үлесі үшін баға ұсынысы, сондай-ақ Активтің Қоғам алдындағы берешегін өтеу/реттеу жөніндегі мөлшері, шарттары;
- Хабархатқа № 1 Қосымшасының 2 және 3-тармақтарында сипатталған Қатысушының инвестициялық міндеттемелерді орындауға дайындығы мен қабілеті;
Конкурстық өтінімді қамсыздандыру:
Конкурсқа қатысу үшін Қатысушы өтінімдерді қабылдау аяқталған күннен кешіктірмей 300 000 000 (үш жүз миллион) теңге мөлшерінде кепілдік жарна түрінде қамсыздандыруды (бұдан әрі – "Қамсыздандыру") ұсынуы қажет. Қамсыздандыру Қоғамның банк шотына келесі деректемелер бойынша енгізіледі: БИН 031 040 000 572, Кбе 16, БИК HSBKKZKX, ИИК KZ 226 010 111 000 021 667 (KZT), «Қазақстан Халық Банкі» АҚ Астана өңірлік филиалы. Қамсыздандыру мөлшеріне банк қызметтерінің төлемдері кірмейді. Қамсыздандыруды енгізу жолымен берілген сауда-саттықта жеңген және шарт жасасқан Қатысушыға Қамсыздандыру қайтарылмайды және сатып алу-сату шарты бойынша тиесілі төлемдер есебіне есепке алынуға жатады.Қамсыздандыру келесілерге қайтарылмайды:
- Қатысушыға – сауда-саттықты өткізуге дейін кемінде 3 (үш) күн бұрын оған қатысудан бас тартқан жағдайда немесе Қатысушы оған Қағидаларда және Қазақстан Республикасының (бұдан әрі – «ҚР») заңнамасында қойылатын талаптарға сәйкес келмеген жағдайда;
- Жеңімпазға – ол сауда-саттық нәтижесі туралы хаттамаға қол қоюдан не шарт жасасудан бас тартқан жағдайда;
- Сатып алушыға – ол сатып алу-сату шарты бойынша міндеттемелерді орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда.
Сауда-саттыққа Қатысушы ретінде тіркелу үшін төмендегілерді ұсыну қажет:
- Хабархаттағы талаптарға сәйкес жасалған конкурстық өтінімді;
- Конкурсқа қатысуға үміткер тұлғаның жарғысының нотариалды куәландырған көшірмесін, барлық өзгертулерімен және толықтыруларымен;
- Қатысушыны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің немесе анықтаманың нотариалды куәландырылған көшірмесін;
- Қатысушының түпкілікті бенефициар-жеке тұлғаларға дейінгі егжей-тегжейлі меншік құрылымы және көрсетілген заңды тұлғалардың құрылғанын растайтын куәландырған құжаттар;
- банктік шоттың бар екенін растайтын, банктен алынған анықтаманың түпнұсқасын;
- Қатысушының байланыс деректерін (пошта мекенжайы, телефон, факс, e-mail);
- сауда-саттыққа қатысуға өтінішке қол қоюшының жеке басын және өкілеттігін куәландыратын құжаттардың нотариалды куәландырған көшірмелерін;
- акционерлік қоғамдар үшін - Сауда-саттық туралы Хабархат жарияланған күннен ерте емес күнгі жағдай бойынша, сауда-саттыққа қатысуға үміткер тұлғаға қатысты акционерлер тізілімінен алынған үзіндінің түпнұсқасын;
- Хабархатқа № 1 Қосымшаның 1.2-тармағындағы және Қағидалардағы тізбе бойынша біліктілік талаптарына сәйкестікті растайтын құжатттар;
- Активті сату шарттарымен қайтарып алынбайтын келісім-хат;
- Қолданыстағы заңнамада және Конкурсқа қатысуға үміткер тұлғаның құрылтай құжаттарында көзделген, осындай тұлғаның Қамсыздандыруды енгізуі үшін барлық қажетті корпоративтік шешімдері, оның ішінде ірі мәмілені немесе жасалуына мүдделілік бар мәмілені мақұлдау туралы және/немесе жасасу туралы шешім (егер қолданылатын болса);
- жоғарыда сипатталған шарттармен Қамсыздандыруды ұсынуды растайтын құжаттарды.
Конкурсқа қатысуға шектеулер
Конкурсқа қатысуға үміткер тұлғалар Хабархатқа № 1 Қосымшасының 1 тармағында көрсетілген біліктілік талаптарына сәйкес келуі керек. Конкурсты өткізу тәртібі туралы қағидалармен «Самұрық-Қазына» АҚ мен Салалық компанияның сайттарындағы көпшілікке қолжетімді Қағидалардан танысуға болады. Салалық компания 2-кезең бойынша қорытынды шығарғанға дейін Конкурстың күшін жоя алады. Конкурстың күші жойылған жағдайда Салалық компания бұқаралық ақпарат құралдарында және Веб-сайтта тиісті хабарландыру орналастырады. Осы Хабархатта көрсетілген конкурстық өтінімдер мен конкурстық ұсыныстарды беру жөніндегі тиісінше мерзімдер конкурстық өтінімдер мен конкурстық ұсыныстарды қабылдау мерзімдері аяқталғанға дейін Салалық компанияның шешімі бойынша ұлғаю жағына қарай түзетілуі мүмкін. Мерзімдерді түзету туралы шешім қабылданған жағдайда Салалық компания бұқаралық ақпарат құралдарында және Салалық компанияның корпоративтік Веб-сайтында тиісті хабарландыру орналастырады.Конкурс өткізу туралы қосымша ақпаратты келесі телефон арқылы алуға болады:
Еркен Әбелдинов – ұялы тел. + 7 701 533 88 48, email - Abeldinov_E@Railways.kz Диас Қалажанов – тел. +7 727 298 08 98 (ішкі нөмірі 62422), ұялы тел. +7 701 299 14 90, email – dkalazhanov@kpmg.kz Олжас Қалиев – тел. +7 727 298 08 98 (ішкі нөмірі 62425), ұялы тел. +7 775 444 02 33, email - okaliyev@kpmg.kz Орынбасар Төреқұлов – тел. +7 727 298 08 98 (ішкі нөмірі 61429), ұялы тел.+7 707 990 00 18, email - otorekulov@kpmg.kzАқпараттық бөлмеге кіру құқығын алуға арналған нұсқаулық (Data room):
Активке қатысты құпия ақпараты бар ақпараттық бөлмеге (Data room) қол жеткізу құқығы Қатысушы Салалық компаниямен Құпиялылық туралы келісімге қол қойылғаннан кейін Конкурсқа Қатысушысына беріледі. Конкурсқа Қатысушы қол қойған Құпиялылық туралы келісімнің электрондық нұсқасын Салалық компанияның өкілі Еркен Әбелдиновке (Abeldinov_E@Railways.kz), сондай–ақ Салалық компанияның тәуелсіз кеңесшісі - "КПМГ Такс энд Эдвайзори" ЖШС-ның өкілдеріне: Диас Қалажановқа (dkalazhanov@kpmg.kz), Олжас Қалиевке (okaliyev@kpmg.kz) және Орынбасар Төреқұловқа (otorekulov@kpmg.kz) электрондық пошта арқылы жіберу тиіс. Құпиялылық туралы келісімнің қол қойылған электрондық нұсқасына қосымша қатысушы электрондық хатта Активке қатысты құпия ақпаратты алушылардың жеке тұлғаларының келесі деректерін көрсетуі қажет:- Аты-жөні;
- Лауазымы;
- Конкурсқа Қатысушының (заңды тұлғаның) толық атауы;
- Электрондық пошта адресі;
- Телефон нөмірі;
Активтің қысқаша сипаттамасы
"Қазақстан вагон жасау компаниясы" ЖШС 2008 жылғы 1 желтоқсанда "Жүк вагондарын шығаруды ұйымдастыру үшін" Таман" ЖШС өндірістік кешенін техникалық қайта жарақтандыру " жобасын іске асыру шеңберінде жылына 2 000 жартылай вагон және 500 жабық вагон/платформа өндірістік қуатымен жүк вагондарын шығаруды ұйымдастыру үшін құрылды. Кәсіпорын Екібастұз қаласында орналасқан. Негізгі қызмет түрі: жүк вагондарын өндіру. Қатысушылар: Қоғам-78.47%, "SMP Group" ЖШС - 21.53%Активтің қаржылық көрсеткіштері
Көрсеткіштер (млн теңге) | 2017 | 2018 | 2019 | 2020 | 2021 |
Жарғылық капитал | 7 782 | 7 782 | 7 782 | 7 782 | 7 782 |
Түсім | 1 909 | 1 811 | 0 | 20 | 2 094 |
Операциялық пайда (EBIT) | (1 792) | (663) | (1 159) | (1 002) | 9 |
Жиынтық пайда / залал | (1 722) | (1 103) | (1 493) | (1 046) | 9 |
Баланстық құн, о.і. | |||||
Активтер | 8 225 | 7 162 | 6 905 | 6 103 | 5 905 |
Міндеттемелер | 8 056 | 8 221 | 9 426 | 9 895 | 9 685 |
Меншікті капитал* | 168 | (1 059) | (2 521) | (3 792) | (3 780) |
Қызметкерлер саны, адам | 438 (ӨП * 412) | 542 (ӨП 514) | 393 (ӨП 375) | 314 (ӨП 297) | 348 (ПП 322) |
Активтің міндеттемелері
КВК ҚТЖ тобы мен үшінші тұлғалардың алдындағы берешегі (мың теңге) | 01.10.2021 г. | 31.03.2021 г. | 31.12.2020 г. | 31.12.2021 г. |
1. ҚТЖ тобы алдындағы қысқа мерзімді кредиторлық берешек: | 8 483 299 | 8 482 799 | 8 462 550 | 8 482 264 |
1.1. Қазтеміртранс АҚ (ҚТТ) алдында | 8 397 451 | 8 397 451 | 8 369 614 | 8 397451 |
1.2. ҚТЖ тобының басқа еншілес ұйымдарының алдында | 85 848 | 85 348 | 92 936 | 84 813 |
2. Үшінші тұлғалар алдындағы қысқа мерзімді кредиторлық берешек | 547 916 | 568 909 | 518 830 | 521 783 |
3. ҚТТ алдындағы қысқа мерзімді қаржылық міндеттемелер | 509 963 | 509 963 | 509 963 | 509 963 |
4. Бюджетке берешек: | 304 299 | 326 660 | 310 620 | 32 013 |
4.1. Салықтар бойынша міндеттемелер | 178 840 | 215 362 | 201 827 | 11 070 |
4.2. Бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша міндеттемелер | 125 459 | 111 298 | 108 793 | 20 943 |
5. Еңбек ақы төлеу бойынша берешек | 161 569 | 79 676 | 34 863 | 79 456 |
6. Басқа берешек | 69 270 | 63 234 | 57 985 | 59 909 |
Актив берешегінің жиыны | 10 076 316 | 10 031 241 | 9 894 811 | 9 685 388 |
- Қатысушылар Алдын ала ұсыныстар мен Конкурстық ұсыныстарды, төменде көрсетілген Активті өткізу шарттарын ескере және олармен келісе отырып ұсынады:
- Конкурсқа қатысушыға қойылатын біліктілік талаптары
- Конкурсқа қатысу үшін Қатысушылар төменде көрсетілген біліктілік талаптарына сәйкестігін растау керек:
- Актив қызметіне байланысты саладағы қызмет тәжірибесінің болуы;
- құрылтайшыларға, түпкі бенефициарларға және басшы лауазымдарды атқаратын қатысушының қызметкерлеріне қатысты ҚР сотының немесе өзге мемлекеттің күшіне енген айыптау үкімінің болмауы;
- сенімсіз салық төлеушілер тізімінде және ҚР салық органдары жариялаған банкроттар тізімінде тұрмау;
- қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" ҚР Заңын бұзу тарихы болмау керек;
- Активті сатып алу үшін қолма-қол ақшаның болуы, сондай-ақ қатысушының өткен және жақын болашақтағы тұрақты қаржылық жағдайы.
- Жоғарыда көрсетілген біліктілік талаптарына сәйкестікті растау үшін Қатысушылар келесі құжаттарды ұсынады:
- барлық өзгерістер мен толықтырулары бар қатысушы Жарғысының нотариалды куәландырылған көшірмесі;
- Қатысушыны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің немесе анықтаманың нотариалды куәландырылған көшірмесі;
- Қатысушы меншігінің түпкілікті бенефициар-жеке тұлғаларға дейінгі нақтыланған құрылымы және заңды тұлғалардың құрылғанын растайтын құжаттарды көрсетумен;
- әрбір еншілес ұйымның қызмет түрлерін көрсете отырып, Қатысушының барлық еншілес ұйымдары туралы мәліметтер;
- төмендегі туралы куәландыру хаты:
- құрылтайшыларға, түпкі бенефициарларға және басшы лауазымдарды атқаратын қатысушының қызметкерлеріне қатысты ҚР Сотының және/немесе өзге мемлекеттің күшіне енген айыптау үкімдері жоқ болу;
- Қатысушы ҚР салық органдары жариялаған сенімсіз салық төлеушілер мен банкроттар тізімінде жоқ;
- Қатысушы, оның құрылтайшылары, түпкі бенефициарлары және Қатысушының басшы лауазымындағы қызметкерлерінің қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы ҚР Заңды бұзған жоқ.
- 2019ж., 2020ж, 2021ж. және соңғы қолжетімді кезеңі үшін қаржылық есептілік;
- Активті сатып алу жөніндегі мәмілені қаржыландыру қабілеті мен жоспарлары туралы растау хат;
- қаржы ұйымынан алынған, мәмілені қаржыландыруға дайындықты білдіретін хат (түпнұсқа) немесе қаржы ұйымымен жасалған, Активті сатып алуға жеткілікті сомаға кредит желісін ашу туралы қол қойылған келісім (егер Қатысушы Активті сатып алу үшін қарызды қаржыландыруды пайдалануды жоспарласа);
- Қатысушы Актив қатысушысы ретінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін 5 (бес) жыл ішінде Актив қызметінің саласын сақтау (бұдан әрі – «Бақылаудың өтуі»);
- Активтің жарғылық капиталындағы қатысу үлесін өзге тұлғаларға иеленуге, ауыртпалық салуға немесе басқаруға бермеуге, сондай-ақ қандай да бір берешекті қайта құрылымдау туралы шешімдер қабылдамауға, оңалту және банкроттық рәсімдерін жүргізбеуге, бақылау ауысқан күннен бастап 5 (бес) жыл ішінде Салалық компанияның келісімінсіз Активті қайта ұйымдастыруды және/немесе таратуды жүзеге асырмау;
- Қоғамның талабы бойынша инвестициялық міндеттемелердің орындалуы туралы сатып алу-сату шартымен келісілген мерзімде және нысанда жазбаша есеп беру;
- Бақылау ауысқан күннен кейін кемінде 1 (бір) жыл ішінде активтің ұжымдық шартының талаптарын сақтау, сондай-ақ ҚР азаматтары болып табылатын қызметкерлердің штат санының кемінде 2/3 бөлігін сақтау;
- 90 күннен астам мерзімі өткен және/немесе оның шеңберінде тіркеу әрекеттеріне тыйым салынған, ЕДБ шоттарына және/немесе Активтің мүлкіне тыйым салынған, сондай-ақ конкурс жарияланған күнгі жағдай бойынша сот процестері жүргізілетін қызметкерлер мен үшінші тұлғалар алдындағы Активтің қалған берешегін сатып алу-сату шартына қол қойылған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде өтеу;
- Хабархатқа № 1 Қосымшаның 4.2-тармағында сипатталған Активтің Қоғам алдындағы берешегін Конкурс өткізу кезінде жеңген қатысушының белгілі бір баға ұсынысының мөлшерінде және мерзімінде және бұдан әрі инвестициялық міндеттемелер ретінде сатып алу-сату шартында бекітілген жағдайда өтеу.
- Инвестициялық міндеттемелер бойынша жауапкершілік шаралары
- Сатып алушының хабарламасына № 1 қосымшаның 2.1-тармағын бұзғаны үшін мәміле құнының 20% (жиырма пайызы) мөлшерінде айыппұл көзделсін.
- 2. Сатып алушының хабарламасына № 1 қосымшаның 2.2-тармағын бұзғаны үшін қоғам БЖТ-ны бұзуға және активті қоғамның меншігіне қайтаруға, сондай-ақ қатысушыдан мәміле құнының 10% (он пайызы) мөлшерінде тұрақсыздық айыбын өндіріп алуға құқылы. Активтің жарғылық капиталына қатысу үлестерінің 49% - дан астамын (қырық тоғыз пайыз) иелену және/немесе Басқару құқығы берілетін немесе активтің 25% - дан астамын тікелей немесе жанама иеленетін түпкілікті бенефициарларының кез келгені өзгеретін активтің қатысу үлестерімен жасалған кез келген мәміле немесе мәмілелер жиынтығы осы тармақты түсіндіру мақсаттары үшін активке бақылауды ауыстыру деп танылады активтің жарғылық капиталына қатысу үлестерімен (жиырма бес пайыз);
- Сатып алушының хабарламасына №1 қосымшаның 2.3-тармағын бұзғаны үшін мынадай айыппұл көзделсін:
- Егер бір жыл ішінде Сатып алушы Қоғамның осындай сұрауына жауап ретінде инвестициялық міндеттемелерді орындау жөніндегі есепті екі реттен артық ұсынбаған жағдайда, Сатып алушы Салалық компанияның талабы бойынша бұзушылықтың әрбір күні үшін Мәміле құнының 0,01 % (жүзден бір пайыз) мөлшерінде айыппұл төлеуге міндетті болады;
- Сатып алушының хабарламасына № 1 қосымшаның 2.4-тармағын бұзғаны үшін қоғам сатып алушыдан мәміле құнының 20% (жиырма пайызы) мөлшерінде тұрақсыздық айыбын төлей отырып, ЖКП-ны бұзуды және активті қоғамның меншігіне қайтаруды талап етуге құқылы;
- Сатып алушының хабарламасына № 1 қосымшаның 2.5-тармағын бұзғаны үшін қоғам сатып алушыдан мәміле құнының 10% (он пайызы) мөлшерінде тұрақсыздық айыбын төлей отырып, ЖКП-ны бұзуды және активті қоғамның меншігіне қайтаруды талап етуге құқылы;
- Хабарламаға №1 қосымшаның 2.6-тармағын бұзғаны үшін. Сатып алушы, Қоғам сатып алушыдан мәміле құнының 20% (жиырма пайызы) мөлшерінде тұрақсыздық айыбын төлей отырып, ЖКП-ны бұзуды және активті қоғамның меншігіне қайтаруды талап етуге құқылы.
- Қоғам алдындағы берешек
- Салалық комиссия Мәміле құны үшін төлемнің жалпы мөлшерін (оның Конкурс жарияланған күнгі келтірілген құнын), яғни Актив үшін ұсынылатын бағаның жалпы сомасын, кепілдік жарнаны және Активтің Қоғам алдындағы өтелетін берешегінің мөлшерін негізге ала отырып, баға ұсыныстарын қарайтын болады;
- Қоғамнан алынған несие бойынша 509 963 000 (бес жүз тоғыз миллион тоғыз жүз алпыс үш мың) теңге мөлшеріндегі берешекті және Активтің Қоғам алдындағы 8 397 451 000 (сегіз миллиард үш жүз тоқсан жеті миллион төрт жүз елу бір мың) теңге мөлшеріндегі креди