«Жырдарияның» тұсауы кесілді
«Жырдарияның» тұсауы кесілді
781
оқылды
Алматыдағы Ұлттық кітапханада қазақтың көрнекті ақыны, халық­аралық «Алаш» әдеби сыйлығы және Мұқағали Мақатаев атындағы сыйлықтың лауреаты, «Құрмет» ор­де­нінің иегері Аманхан Әлімұлының 70 жылдығына арналған еске алу кеші өтті. Жиынға ақын-жазушылар мен өзге де ұлт зиялылары, сондай-ақ көзін көрген замандастары мен өнердегі іні-қарындастары жиналды. Шара барысында қатысушылар Аманхан Әлімұлы туралы естеліктерін бөлісті. Естелік айтушылардың барлығы дерлік марқұмның көзі тірісінде азаматтық пен адамгершілікті жоғары қойған қасиеттерін тілге тиек етті. Сонымен қатар жиында «Атамұра» баспасының президенті, меценат Рахымғали Құл-Мұхаммедтің қолдауымен жарық көрген «Жырдария» жыр жинағының тұсауы кесілді. Жинақты баспаға дайындап ұсынған ақынның жары мен жас ақын Бауыржан Әліқожа. Үш мың данамен жарық көрген жыр жинаққа ақынның жарыққа шықпаған өлеңдері енген.