Есет батырды еске алды
Есет батырды еске алды
478
оқылды
Есет батыр Көкіұлының 355 жылдығына арналған шаралар аясында Ақтөбеде өткен республикалық айтыста Абай облысынан келген ақын Рүстем Қайыртай бас жүлдеге ие болды. «Атасының есімін асқақтатқан, Арда жұрты, армысың, Ақтөбенің!» (Серік Қуанған) – деп еліміздің әр өңірінен келген ақындардың айтысын жұртшылық екі күн бойы тамашалады. Айтысқа барлығы 16 ақын қатысты. Солардың арасынан екінші кезеңге 8 ақын шығып, төрт жұп болып: Серік Қуанған (ШҚО) мен Рауан Қайдаров (Павлодар облысы), Қазырет Бердіхан (Алматы қаласы) мен Біржан Байтуов (Шымкент қаласы), Рүстем Қайыртай (Абай облысы) мен Шұғайып Сезімхан (Алматы қаласы) және Жұлдыз Қожа­бекова (Ақтөбе облысы) мен Шалқарбай Ізбасаров (Атырау облысы) айтысты. Бас жүлде Рүстем Қайыртайға бұйыр­ды. Оған 1,5 миллион теңге көлемінде қаржылай сыйақы сертификаты тап­сырылды. Сондай-ақ Біржан Байтуов, Рауан Қайдаров, Жұлдыз Қожабекова, Шұ­ғайып Сезімхан, Қазырет Бердіхан, Шалқарбай Ізбасаров сияқты ақындар да жүлдеге ие болды.