Студенттерге несие рәсімдеткен комендант ұсталды
Студенттерге несие рәсімдеткен комендант ұсталды
Фото: news.myseldon.com
693
оқылды
Талдықорғанда Жетісу университетінің студенттері коменданттың үстінен арызданды, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Жетісу облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, студенттер жатақхана коменданты оларға iPhone смартфонын алу үшін несие рәсімдетіп, кредитті төлемей қойғанына шағымданған. Полиция күдіктіні анықтап, сотқа дейінгі тексеру жүріп жатыр.
«Осы факті ҚР ҚК 190-бабы «Алаяқтық» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Күдікті ретінде 41 жастағы әйел ұсталды. Ол расымен студенттердің жатақханасында комендант болып жұмыс істейді. 11 қазан күні күдікті полицияға жеткізілді. Тергеу органы 10 студент пен 2 жатақхана қызметкерінен түскен арыз бойынша тергеу жүргізіп жатыр. Жәбірленушілерге келтірілген шығын – 14,7 миллион теңге. Бірақ күдікті денсаулығының күрт нашарлап кетуіне байланысты түсініктеме беруден бас тартты. Қазір ол ауруханада жатыр», – деді департамент өкілі.
Полиция күдіктінің өзге де қылмысқа қатысы бар-жоғын анықтап жатыр.