Түркістан облысында автобус пен ГАЗель көлігі соқтығысты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.Polisia.kz-тің дерегінше, бүгін таңғы сағат 08:00 шамасында Самара – Шымкент тасжолында Газель автокөлігі мен Yutong жолаушылар автобусы соқтығысқан.
Жол апатынан жолаушы, Түркістан қаласының тұрғыны көз жұмды. Жарақат алған 5 жолаушы ауруханаға жеткізілді.
https://youtu.be/6ZBb248ksBk
Факті ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі бойынша тіркелді. Сараптама тағайындалды. Қарсы бағытқа шығып кеткен ГАЗель көлігінің жүргізушісі қамауға алынды. Полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.