Геннадий Головкин жарақат алып, рингке шығуды кейінге қалдырды
Геннадий Головкин жарақат алып, рингке шығуды кейінге қалдырды
Фото: Интернеттен алынды
5,298
оқылды
ESPN.com мәліметінше, орта салмақтағы IBF/IBO әлем чемпионы Геннадий Головкин оң жақ жіліншігін жарақаттап алып, рингке оралу мерзімін кейінге қалдырды, – деп жазады Sports.kz. Сондықтан GGG командасы IBF-ке титулды міндетті қорғауға қосымша уақыт беруін сұраған. Айта кетейік, Геннадийдің келесі қарсыласы Польша азаматы Камил Шеремета болуы тиіс. Бастапқыда 29 ақпанға жоспарланған кездесу кейіннен 28 наурыз бен 11 сәуірге ауыстырылды. DAZN стримингтік сервисінің өкілі Головкин — Шеремета айқасы үшін басқа күн қарастырылып жатқанын растады. Бірақ промоутер Том Леффлер боксшының денсаулығы жайында пікір білдіруден бас тартқан.