Алматыда Сақ дәуіріндегі жауынгердің жерленген жері табылды
Алматыда Сақ дәуіріндегі жауынгердің жерленген жері табылды
437
оқылды
Кеше қаланың Алатау ауданында жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары кезінде ерте темір дәуіріндегі жауынгердің жерленген жері анықталды. Археологтардың айтуынша, табылған мүрде б.з.д. V-II сақ дәуіріне тиесілі. Жауынгердің сүйегі үш метрден астам тереңдікте ағаш жәшіктен табылды. Қабір шұңқырынан алтынмен әшекейленген қылыштың сынықтары, сондай-ақ аң стиліндегі қаңылтыр алтыннан тігілген киімдерге арналған қосымшалар табылды. Алтын сынықтарынан басқа күміс қорытпасынан жасалған киімдерге арналған бұйымдар да табылды.  width=
«Біз жыл сайын қазба жұмыстарын жүргіземіз, бірақ мұндай сәтті олжалар сирек кездеседі. Соңғы рет киімнің алтын сынықтары 2014 жылы табылған», – дейді Алматы мұражайлар қауымдастығының директоры Ләззат Сағындықова.
Айта кетейік, «Алматы қаласының мұражайлар қауымдастығы» КМК Алматы қаласы Мәдениет басқармасының тапсырысы бойынша соңғы жылдары Алматы қаласы маңында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуде.