Сенат отырысының күн тәртібі бекітілді
Сенат отырысының күн тәртібі бекітілді
347
оқылды
Парламент Сенатының бюросы 2022 жылғы 20 қазанда өтетін палата отырысы­ның күн тәртібін бекітті. Алдағы бейсенбіде сенаторлар «Қазақстан Республикасы мен Түрікменстан арасындағы Кас­пий теңізіндегі Қазақстан – Түрікменстан мемле­кет­тік шекарасын межелеу және балық аулау ай­мақ­­тарының шектес учаскелерін бөлу туралы шартты ратификациялау туралы» заң жобасын қарайды. Құжатты ратификациялау жер қойнауын пайда­лануға және су биологиялық ресурстарын аулауға егеменді құқықтарды іске асыру үшін қолайлы жағ­дайлар туғызады. Сондай-ақ екі елдің мемлекет­тік шекарасындағы тұрақтылықты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар депутаттар Сенат отырысында «2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономика­лық одақ туралы шартқа Ресей Федерациясының азаматтары болып табылатын Еуразиялық эко­номика­лық комиссияның және Еуразиялық эко­номикалық одақ сотының лауазымды адамдары мен қызметкерлерін зейнетақымен қамсыздандыру бөлігінде өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасын қарайды. Хаттаманың күшіне енуі аталған тұлғаларға Ре­сей Федерациясында еңбек еткен жылдары үшін зейнетақы алуға құқығы бар азаматтардың басқа санаттарымен қатар, ЕАЭО комиссиясы мен со­тында еңбек қызметін жүзеге асыру кезінде алған зейнетақы құқықтарын іске асыруды және қорғауды қамтамасыз етеді. Одан бөлек, бюро отырысында Мәжілістен ке­ліп түскен заң жобалары Сенаттың тұрақты коми­тет­теріне бөлініп берілді.

А.ЖОЛДАС