Отандық тауарлар танымал маркетплейсте сатылады
Отандық тауарлар танымал маркетплейсте сатылады
312
оқылды
Цифрлық даму, ин­но­вациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин отандық тауарлар Түркияда ірі түрік маркет­плейсі арқылы саты­латы­нын жеткізді. Министр бұл туралы өзінің Telegram ар­насында ақпарат жария­лады. Мусин Президенттің мамыр айында Түркияға сапары жайын­да, сондағы сауда байланысын дамыту турасындағы келісімі туралы жазған. Отандық тауарды Түркияның Trendyol сайтында сатуға мүмкіндік туғанын жет­кізді. Министрдің мәліметінше, атал­ған компания күніне шама­мен 1,5 милион тауар сатады. Trendyol-ды Түркияда жергілікті Amazon немесе Alibaba деп атайды. Компанияның құны шамамен 16 миллиард доллар қаржыны құрайды.
«Сапар барысында біз олар­дың тауарларын Қазақстанға жеткізу бойынша логистикалық мәселелерді пысықтадық, сон­дай-ақ қазақстандық тауарларды ірі маркетплейс арқылы Түркия нарығына шығарамыз деп келістік. Көптеген қазақстандық Trendyol-мен таныс және көбіне делдалдар арқылы тауарларға тапсырыс беруге тырысады. Бұл, әрине Қазақстаннан келген клиент үшін жеткізу мерзімі мен бағасына әсер етеді», – дейді министр.

А.ЖОЛДАС