327 млрд теңге жәрдемақы төленді
327 млрд теңге жәрдемақы төленді
564
оқылды
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мүгедектігі бар және асыраушысынан айырылған қазақстандықтарға 327 млрд теңге жәрдемақы төлеген. Бұл – биыл тоғыз ай мерзімде есептелген көрсеткіш. Мәселен, қыркүйек айында мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеуге 28,8 млрд теңге, асыраушысынан айырылғандарға 7,2 млрд теңге бөлінді. Жалпы, елімізде 534,6 мың адам мүгедектік, ал 156 мың адам асыраушысынан айырылу бо­йын­ша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алады. Ал жәр­демақы мөлшері мүгедектік тобына және себебіне, қайтыс болған асырау­шының асырауындағы адам са­нына, сондай-ақ «Республикалық бюджет ту­ралы» заңда белгі­лене­тін ең төменгі күнкөріс дең­гейіне байланысты бекітіледі. Мүгедектік бойынша орташа 53 802 теңге, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша 46 328 теңге жәрдемақы төленеді.

А.ЖОЛДАС