Грант таратып «тұтылды»
Грант таратып «тұтылды»
279
оқылды
Қаржылық мониторинг агенттігі Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің маманына қатысты істі тіркегенін мәлімдеді. Агенттіктің хабарлауынша, күдікті бизнес идеяларды іске асыруға арналған «Еңбек 2017-2021» мемлекеттік бағдарламасы бойынша гранттарды ресімдеумен айналысқан.
«Тергеу барысында бағдарламаға қатысушылардың бөлінген ақшалай қаражатты алмағаны және қылмыс жасауға қатысы бар екені анықталды. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу тіркелді. Cот күдіктіге қатысты 2 айға дейінгі мерзімге «үйқамақ» бұлтартпау шарасын қолданды», – деп хабарлады агенттік өкілдері.

А.ЖОЛДАС