Болашақ – сөзіміз бен ісімізде
Болашақ – сөзіміз бен ісімізде
808
оқылды
Теміртау қаласындағы Қа­­ра­ғанды индустриалды уни­­­­­верситетінде 3 мыңға жуық сту­дент оқыса, оның 600-і со­ның жанындағы кол­ледж­де білім алады. Кеше уни­­вер­си­тетте «АМАNАТ» пар­­­­­тиясы ак­тивінің жастар­мен кездесуі өтті. Онда жас­тарға Мемлекет басшысының «Әділетті мем­лекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жол­­дауы туралы айтылды. Жиынға факультет декан­дары, декан орын­ба­сарлары, кафедра оқытушы­лары мен белсенді студент-тер қа­тысты. «АМАNАТ» партиясы Темір­тау қалалық филиалының атқару­шы хатшысы Нұржан Әжіков, Қа­рағанды индустриалды универ­ситетінің ректоры, басқарма тө­рағасы Болатбек Әбдрасілов, проректор Галина Сивякова баян­дама жасады.
– Біз ашық бәсекелестік пен әркімге бірдей мүмкіндік беретін Әділ Қазақстан құрып жатырмыз. Транспаренттік, адалдық және өзара сенімде саяси қайта құру­ларды жүргізу принципі маңызды. Қазақстанның болашағы – біздің сөзіміз бен ісімізде. Біз күн сайын ескі мен жаңаның, тоқырау мен дамудың арасында таңдау жасай­мыз. «АМАNАТ» партиясы қа­шан­да қоғамдық-саяси үдеріс­тердің бел ортасында жүреді. Біз әртүрлі пікір мен көзқарас то­ғысатын диалог алаңымыз. Егеменді мемлекет, азат ел, ашық қоғам – біздің мызғымас құн­­­дылығымыз. Мұны еліміздің әрбір азаматы жақсы түсінеді. Тәуел­сіздік – талай қиындықпен жет­­кен, халқымызға мирас болған ұлы бақыт. «АМАNАТ» партиясы ха­­лықтың сеніміне арқа сүйей оты­рып, баршаңызды Мемлекет бас­шысы Қасым-Жомарт Тоқаев­тың жүйелі реформаларын қол­дау­ға, Әділетті Қазақстан құру идея­сы төңірегінде топтасуға, ха­лық бо­лып, ел болып бірігуге ша­қы­ра­ды, – деді Нұржан Хамидуллаұлы.
Ал Болатбек Серікбайұлы сту­денттердің ертеңгі күні Президент Жолдауында айтылған нақты тап­сырмалардың жемісін көре­тінін айтып өтті.
– Мемлекет басшысы Жол­дау­­да елімізде жүзеге асатын жос­парлар туралы айтты. Оның бәрі Қазақстанның болашағы үшін. Біз­дің мақсатымыз – заманауи ғылымды экономиканы алға же­телейтін алып салаға айнал­ды­ру. Қазақстан жаһандық эконо­ми­ка­дағы сын-қатерлерге төтеп беруі керек. Бізге де осы ғылыми-тех­ни­калық жаңалықтарды өн­діріске енгізетін жаңа әрі білікті ма­мандар қажет. Өйткені адам ка­питалы – ең құнды байлық. Бұл реформалар халықтың өмір сал­тын түзетуге, демократиялық үде­рістерді жедел жүргізуге әрбір адам­ның құқықтарын толық қор­ғауға бағытталған. Бір сөзбен айт­­қанда, барлығы халық игілігі үшін жасалып жатыр, – деді Болатбек Әбдрасілов.
Жиын соңында сұрақтар қойы­­­лып, өзекті мәселелер тал­қы­ланды.

Қарағанды облысы