Мораторий мерзімі ұзарды
Мораторий мерзімі ұзарды
516
оқылды
Қазақстанда шағын биз­нес субъектілерін тек­серуге жарияланған мора­торий мерзімін 2024 жыл­дың қаңтарына дейін ұзар­ту жоспарланып отыр. Ұлттық экономика министр­лігі «Қазақстанда тексерулерге және профилактикалық бақы­лауды барып жүргізуге мораторий енгізу туралы» жарлық жобасын әзірледі. Құжат «Ашық НҚА» порталында жарияланған.
«Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін ша­ғын кәсіпкерлік субъектілерін, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілерін тексеру және про­филактикалық бақылауды барып жүргізуді тоқтатсын», – делінген жарлық мәтінінде.
Бірақ Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүргізілетін жоспардан тыс тексерулер бұған кірмейді. Айта кетерлігі, мораторийді ұзарту Президенттің 2022 жылғы 19 мамырда берген тапсырмасын орындау мақсатында енгізіліп отыр. Бұл жарлық 2023 жылғы 1 қаң­­тардан бастап қолданысқа ен­гізіледі. Ал Қазақстанда шағын кәсіпкер­лік субъектілерін, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъек­тілерін тексеруге мораторий 2020 жылғы қаңтардан бастап 2023 жылғы қаңтарға дейін жария­ланған болатын.

А.ЖОЛДАС