Аман, Есен, Жүрсін – Жамбыл облысында үшем өмірге келді
Аман, Есен, Жүрсін – Жамбыл облысында үшем өмірге келді
Фото: Интернеттен алынды
663
оқылды
Жамбыл облысы Т.Рысқұлов ауданындағы Құрманалиевтер отбасында үшем дүниеге келді, – деп хабарлайды «ҚазАқпарат». Аудан орталығынан шалғай жатқан Ақниет ауылдық округінің орталығы Дінмұхамед Қонаев ауылында тұратын Құрманалиевтер отбасы жаңа жыл қуанышты жаңалықпен басталған.
Ерлі-зайыпты Дидар мен Қымбаттың бұған дейін Диляра және Дария есімді екі қызы болған. Үшемнің үшеуі де – ер бала. Үшемнің есімін әулеттің үлкені - Дәулет атасы қазақы ырымға балап «Аман, Есен, Жүрсін» деп қойыпты.
Аудан әкімі Ерболат Садырқұлов Дінмұхамед Қонаев ауылына арнайы барып, Құрманалиевтер әулетін құттықтады. Әкім жергілікті билік тарапынан шақалақтарға барлық жағдай жасалатынын да айтты. Қазірде аудандық орталық аурухана мен ауылдық дәрігерлік емхана тарапынан қажетті көмек көрсетіліп жатыр.