Енді Қазақстанда кітапханашылардың кәсіби мерекесі аталып өтіледі. Үкімет басшысының Кітапханашылар күнін бекіту туралы қаулысы шықты. Премьер-министр Әлихан Смайылов қаулыға қол қойды.
«Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 689 қаулысына толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 689 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесі мынадай мазмұндағы 38-1-тармақпен толықтырылсын:
«38-1. Кітапханашы күні – 24 қазан».
2. Осы №833 қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан РеспубликасыныңПремьер-министрі Әлихан Смайылов