Мемлекеттік қызметкерлер 507 млн теңгесін құмар ойынға жұмсаған. Бұл туралы Алматы облысының прокуратурасы мәлімдеді.
Прокуратураның дерегінше 305 мемлекеттік қызметкер құмар ойынның қармағына ілінген.
«Мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің құмар ойынға жұмсаған қаражаты:
ҚР Iшкi iстер министрлiгi – 97 млн;
ҚР Қорғаныс министрлігі – 95 млн;
ҚР Қаржы министрлігі – 25 млн;
Жергiлiктi атқарушы органдар – 36 млн;
ҚР Қаржы мониторингі агенттігі – 15 млн;
ҚР Жоғарғы Соты – 7 млн;
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі – 3 млн;
\Басқа мемлекеттік органдар – 27 млн», - делінген Алматы облысы прокуратурасының таратқан дерегінде.
Облыстық прокуратура тарапы аталған фактілер бойынша тексеру жүргізіп, құзыретті органдарға шара қолдану үшін жолдағандарын айтты.