Ішкі істер министрлігі бүгіннен бастап тұрғылықты жері бойынша тіркеуі жоқ азаматтарға SMS-хабарламаларды жіберуді бастады.
Polisia.kz-тің мәліметінше, егер сізге осындай SMS-хабарлама келіп түскен болса, онда ІІМ дерекқорында сіздің тіркелуіңіз туралы мәліметтер жоқ. Сондықтан сізге тұрғылықты жеріңіз бойынша тіркелу қажет.
Мұндай хабарламаларды жіберудің мақсаты – нақты тұратын жері бойынша тіркеусіз тұруға байланысты әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан осал азаматтарға қосымша қаржылық жүктемені азайту (әкімшілік жауапкершілікке тартуды болдырмау үшін).
Бүгінгі күні тұрғылықты жері бойынша тіркеусіз тұрғаны үшін 10 күннен 1 айға дейін ескерту түрінде әкімшілік жауапкершілік, 1 айдан астам уақытқа 7 айлық есептік көрсеткіш немесе 21 441 теңге мөлшерінде айыппұл қарастырылған («Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 492-бабы).
Қазіргі уақытта тұрғылықты жері бойынша тіркеу қызметі «Электронды үкімет» порталында, сондай-ақ Halyk Homebank мобильді қосымшасында қолжетімді.
Сіз өзіңіздің тұрғылықты жеріңіз бойынша тіркелгеніңізді порталдағы «Жеке кабинетте» (eGov.kz) немесе eGov mobile мобильді қосымшасынан тексере аласыз.