Қалыңдығы 3 метр қар басып қалған жасөспірім қайтыс болды
Қалыңдығы 3 метр қар басып қалған жасөспірім қайтыс болды
Фото: Интернеттен алынды
311
оқылды
Шығыс Қазақстан облысында қайғылы оқиғадан жасөспірім қайтыс болды, – деп хабарлайды ҚР ІІМ ТЖК. Балалар көшеде, өзенге жақын жерде ойнап жүрген. Кенеттен қар опырылып құлаған. Қардың қалыңдығы 3 метр болған.
Ведомствоның мәліметінше, қайғылы жағдай 2 ақпан күні Шемонаиха көшесінде болған. Барлығы 4 жасөспірім ойнап жүрген, алайда олардың тек екеуінің үстіне қар құлаған. Жәбірленушілердің бірін қар тек жартылай басқан, сол себепті достары 2004 жылы дүниеге келген жасөспірімді құтқарып алыпты.
Ал 2006 жылғы екінші жеткіншек түгелдей қардың астында қалған. Балалар оқиға жайлы үлкендерге айтқаннан кейін құтқарушылар дереу іздестіру шараларын бастаған. Іздестіруге тек құтқарушылар бригадасы ғана емес, кинологтар мен полицейлер, еріктілер де жұмылдырылды. Мамандар жоғалып кеткен жасөспірімді табу үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға тырысқан. Алайда жасөспірімнің денесі 3 метрлік қар массасының астынан табылған. Бала қардың астынан аршып алып шыққанға дейін қайтыс болып кеткен.