Абаттанған «Ататүрік»
Абаттанған «Ататүрік»
755
оқылды
Астана ажарын айшықтайтын саябақтардың саны өсіп келеді. Сонымен бірге қала тұрғындары мен қонақтарын жайлы да жасыл атмосферасымен бау­райтын қоғамдық кеңістіктер көпшіліктің көңілінен шығып отыр. Мәселен, биыл абаттандыру жүргізілген «Ататүрік» саябағы келушілерді несімен қуантпақ? Бас қалада бос уақыттарын жайлы және денсаулыққа пай­далы өткізе алатын қоғамдық де­малыс орындары жетерлік. Соң­ғы жылдары қалада 750-ден астам аула мен қоғам­дық кеңістіктер, оның ішінде сая­бақ­тар, скверлер, буль­варлар абаттандырылды. Тек тұрғын алаптардың өзінде ғана 300-ге жуық аула мен қо­ғамдық кеңіс­тік қолда­нысқа берілген екен. Мәселен, бір ғана Көк­талда 16 гектарға саябақ са­лын­ған. Мұндай жайлы қоғам­дық кеңістіктер мен аула ау­мақтарында әркім өз қалауына қарай шұғылдануға барлық жағдай жасалған. Баскетбол, футбол алаңдары, workout-аймақтар, тыныш демалуға арналған аймақтар, аркалы әткеншектер, шығар­ма­шылық өнер көрсетуге арналған сах­налар, скейт-аймақтар да кө­бі­рек салынуда. Сондай тар­тымды орынға айналған қала­дағы саябақтың бірі 2004 жылы салынған Түркияның тұңғыш президенті Кемал Ататүріктің атына бе­ріл­ген. Байқоңыр ау­да­нындағы Қараөткел көпі­рінің оң жағын­да орналасқан саябақ мамыр айында гүлде­нетін алма ағаш­тарының иісі­мен елітсе, күздегі көрінісі де жағалауды жаяу серуендейтін тұрғындарды өзіне тартып тұ­рады. Өйткені көктемде және күзде гүлдейтін ағаштар сая­бақты әртүрлі реңктерге бояп, әдемілене түседі. Себебі саябақ аума­ғында күзде гүлдейтін ағаштар да бар. Қала тұрғын­дары осы үшін де уақыт өткізіп, тыныш демала алатын жайлы орынды іздейді. Саябақтың жаға­лауында Мұстафа Кемал Ата­түрікке ескерткіш орна­тылған. Бұл Қазақстан мен Түркия арасындағы достық қарым-қатынас пен ынты­мақ­тастықты нығайтудың сим­волы іспетті. «Байқоңыр» ауданының әкімдігі жыл сайын саябақта шағын жөндеу-қалпына кел­тіру жұмыстарын жүргізеді. Был­тыр саябақта ойын алаң­дары, воркаут аймағы, скейт­борд алаңы, гамактар орнатыл­ды, сондай-ақ тұрғындардың тілектерін ескере отырып, йога сабағына арналған павильон салынды. Бұл саябақ тыныш­тық пен жасыл аймақтың арқа­сында үлкен тарту нүктесі айналды деуіміздің сыры осы­дан. саябақ Былтыр ел тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында «Орнық­ты даму» жер қорының қол­дауы­мен жыл сайынғы «Ұлт­тық ағаш егу күні» экологиялық шарасы аясында саябақ аума­ғында 350 бадам көшеті отыр­ғызылған болатын. Саябақ аумағы абаттандырылып, балалардан бастап қарияларға дейін уақытын тиімді өткізетін түрлі әткеншектер мен балалар ойын алаңы құрылды. Соны­мен қатар Анадолыдағы Қожа Ахмет Иасауи жолын қуған сопы­лық мектептің негізін қалаушы, түрік ақыны Юнус Эмреге арнап ескерткіш орна­тылған. Саябаққа бір жылдары сноу­бордшыларға арналған төбешік те қойылды. Айта ке­те­р­лігі, шаңғы мен сноубор­дпен сырғанауға арналған жасанды төбешіктің қауіптілігі ескеріліп, алынып тасталды. Есесіне, елордаға ағылатын қонақтар да, жергілікті тұрғын­дар да «Ататүрік» саябағында табиғаттың тыныштығын сезі­ніп, көңілді демалыс үшін бас сұғатындай абаттандыру жүр­гізді. Қазір қоғамдық орынның ауданы – 6,5 гектар. Былтыр тұрғындардың тілегі ескеріліп, саябақ ішіне өзгеріс енгізілді. Ал жақында жалпы ауданы 17000 шаршы метрден асатын ескі төсеніш ауыстырылып, саябақ аумағы қайта абаттан­дырылды. Сондай-ақ бұрын тұрған «Аркадағы мебиус» құрылымы жандандырылып, жарықтандыру жұмысы жүр­гізілді. Бұл құрылымның қала бойынша аналогтары жоқ, ол әткеншек пен саябақтың бас­ты шыршасының айналасында батуттары мен орындықтары бар балалар ойын алаңын қамтиды. Саябақтың жергілікті суару жүйесін абаттандыру және жөндеу жұмыстары да жүргізілді. Сондай-ақ жаңа жарықтандыру тіректері іске қосылды. Енді саябақ ау­мағына келушілер жарқыраған шамның астында да кештерін көңілді өткізуге тамаша мүм­кіндік алып отыр.