23 қазан күні Ақтөбе облысы Бадамша ауылы маңындағы қоқыс полигонында сәбидің денесі табылды. Нәрестенің денесі қара полиэтилен пакетке оралған екен. Бұл жайында Zakon.kz хабарлады.
Басылымның мәліметінше, Бадамша ауылы маңындағы "Рождество – Дөң" тасжолының бойында орналасқан қоқыс полигонында сәбидің мәйіті табылғаны жайында хабарлама Қарғалы ауданы полициясының кезекші бөліміне түскен.
Оқиға орнына жедел-тергеу тобы аттанған. Қазір аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Сонымен қатар, баланың анасын анықтау бойынша жедел іс-шаралар басталды. ҚР Қылмыстық кодексінің 100-бабы "Анасының жаңа туған нәрестесін өлтіру" бойынша сотқа дейінгі іс қозғалды.