Орта салмақта WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (12-0, 8 КО) спарринг-әріптесі, тележүргізуші әрі актер Марио Лопеспен түскен видеосын жариялады,- деп хабарлайды Aikyn.kz.
29 жастағы қазақстандық спортшы әріптесін бағалап, 50 жасқа келгенде оған ұқсағысы келетінін айтты.
«Марио Лопес, 50 жасқа келгенде сен секілді бабымда болғым келеді. Ауыр жұмыс», – деп жазды Жәнібек Әлімханұлы.
Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы 12 қарашада ұлыбританиялық Дензел Бентлимен (17-1-1, 14 КО) жұдырықтасады.