Алматы облысында 11 қыркүйекте жоғалған 14 жастағы оқушы табылды. Бұл туралы Алматы облысы Полиция департаменті хабарлады. Полицейлер кәмелетке толмаған жасөспірімді Талғар ауданы Сақтан ауылынан тапты. Бала бір жарым айдай ата-анасынан жасырынып жүрген. Ол далада түнеп, көзге түспеуге тырысқан. Бұған дейін де үйінен бірнеше рет қашып кеткен. Ол ата-анасымен бірге тұрғысы келмейтінін айтқан. Баланың тағдырын арнайы құрылған комиссия шешеді.