Абай жайлы естеліктер көрмеге қойылды
Абай жайлы естеліктер көрмеге қойылды
447
оқылды
Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мем­лекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық му­зей-қорығында «Абай туралы ес­­телік» жинағының тұсаукесері өтіп, көрме ашылды. Көрменің ұйымдастырушылары атап өт­кендей, хакімнің данышпан тұлғасы туралы әрбір тарихи жазба – баға жетпес құндылық.
«Бұл құндылықтар уақытпен қатар жүруі керек, әртүрлі оқиғалардан сыр шертіп, бүгінгі ұрпақты кешегінің жұмбақ­тарымен қанықтыруы қажет. Сондықтан осындай кітаптар, жинақтар шығару, тек­серілген дереккөздерден шынайы ақпарат беретін іс-шаралар өткізу өте маңызды», – деді шараға қатысушылардың бірі Балта­бек Нұрғалиұлы.
Көрмеге Абай мұражайының қорында сақ­талған құнды қолжазбалар мен естелік­тер және «Абай туралы естелік» жинағы қойылды. Онда Тұрағұлдың ұлы, Көкбай Жанатайұлы, Архам Кәкітайұлы, Абайдың келіндері Камалия, Уасила Мағауияқызы, Мүсірәлі ақсақал, Ниязбек Алдажаров және тағы басқаларының Абай туралы ес­те­лік­тері жинақталған. Көрме музей қонақтарына бір ай бойы ұсынылады.