Президенттікке үміткер Қарақат Әбден елордалық сайлаушылармен кездесті
Президенттікке үміткер Қарақат Әбден елордалық сайлаушылармен кездесті
Фото: Қ.Әбденнің Facebook-тағы парақшасынан алынды
394
оқылды
Жиын барысында Қарақат Әбден өзінің сайлауалды бағдарламасын таныстырды. ҚР Президенттігіне үміткер Қарақат Әбден астаналық сайлаушылармен кездесу өткізді. Сайлауалды жиынға қала тұрғындары мен ұлттық киім өндірушілері, қолөнер шеберлері жиналды, деп хабарлайды inbusiness.kz.. Үміткер өз сөзінде ұлттық киім өндірушілерінің еңбегі еленбей жатқанын жеткізіп, ұлттық киім өндірісіне мемлекет кеңінен қолдау көрсету керектігін айтты. Айта кетейік, Қарақат Әбден бұған дейін Ақмола облысы және Қарағанды қалаларының тұрғындарымен жүздескен еді. Республика бойынша үміткердің 20 штабы іске қосылған. Алдағы уақытта Қаракқат Әбден Павлодар, Абай және Алматы облысының сайлаушыларымен кездесу өткізеді.