Туристер жарна төлейді
Туристер жарна төлейді
807
оқылды
Үкіметтің 2021 жылғы 5 қарашадағы Қаулысына сәйкес, 2023 жылдың 1 қаң­тарынан бастап ше­тел­­дік­терден туристік жар­на алынады.
«Қалалар мен аудандардағы хостел, қонақжай, жалға берілетін тұрғын үйді қоспағанда, турис­терді орналастыру орындарында болатын әрбір тәулік үшін шетелдіктерден туристік жарна алынады» делінген Үкімет қаулы­сында.
Алдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап туристерден тұру құнының 5 пайыздан аспайтын мөлшері жарна есебінде алынады. Қаулыға сай, туристік жарна көлемін жергілікті атқарушы органдар белгілейді. Сәйкесінше, қаражат жергілікті бюджетке түседі. Бұл ретте туристік алым сомасы өмір сүру құнына қосылмайды. Шетел­­діктер үшін қойылатын жарна мөлшерлемесі статистика­лық деректерге немесе маусымға байланысты сараланады. Қонақүй қызметкерлері мен туроператор­лар туристерге әр күн үшін турис­тік жарна алынатынын ескертуі тиіс. Жарна төлеген шетелдік азаматқа тиісті анықтама беріледі.