Көкшетауда құрылыс компаниясының директоры 7-қабаттан секіріп, мерт болды
Көкшетауда құрылыс компаниясының директоры 7-қабаттан секіріп,  мерт болды
© inform.kz
650
оқылды
Көкшетауда бүгін 30 жастағы «ЖК Жақыпов» құрылыс компаниясының директоры Мақсат Жақыпов 7-қабатта орналасқан өз пәтерінен секіріп,  қаза болды. Қазір полиция тергеу амалдарын жүргізуде, - деп хабарлайды Aikyn.kz порталының тілшісі. Суыт оқиға бүгін түнгі төрттер шамасында болған. Көкшетау қалалық Полиция басқармасына телефон шалған жедел жәрдем стансасының фельдшері ер адамның 7-қабаттағы пәтерден секіріп құлағаны туралы хабарлаған. «Аталған факті бойынша полиция ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы1-бөлігіне сәйкес «Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Қазір сот-медициналық сараптамасы тағайындалды», - дейді Ақмола облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі. Ресми емес деректерге қарағанда,  түнгі төрттер шамасында ер адам үйінде компьютер қарап отырған. Кейін балконға шығып кеткен. Әйеліне өмір сүргісі келмейтінін айтқан. Бірақ кейін жұбайымен сөйлесіп өзара ұғынысқан. Дегенмен түн ортасында өз-өзіне қол жұмсаған. Полиция басқа деректер ҚР Қылмыстық процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайтынын мәлімдеді.